Авиациялық қызмет көрсету рыногының субъектілерін топтастыру және азаматтық авиация саласын дағдарыстан шығару жөнінде шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Жарғылық капиталында мемлекеттің 100% қатысуымен "Эйр Қазақстан топ" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Эйр Қазақстан топ" ЖАҚ) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 10 000 000 (он миллион) теңге мөлшерінде қаражат бөлу;
"Атырау әуежайы", "Атырау әуе жолы", "АТМА - Атырау әуежайы және тасымалдаулар", "Ертіс-Авиа" авиакомпаниясы" ашық акционерлік қоғамдары мен "Эйр Қазақстан" жабық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеттерін Эйр Қазақстан топ" ЖАҚ-ның жарғылық капиталына беру жолымен "Эйр Қазақстан" топ ЖАҚ жарғылық капиталын қалыптастырсын;
2) оның қызметінің негізгі нысанасы:
Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының біртұтас технологиялық кешенін қалыптастыруға және оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
негізгі халықаралық бағыттарда тағайындалған отандық тасымалдаушы мен шетелдік авиакомпаниялардың арасында тең әріптестікті қамтамасыз етуге;
барлық ірі қалалардың қажетті қамтылуына, аймақтық және облысаралық бағыттарда тұрақтылықтың деңгейіне қол жеткізуге;
авиациялық техника паркін жаңғыртуға атсалысу болып табылатындығын көздей отырып, "Эйр Қазақстан топ" ЖАҚ-ның жарғысын бекітсін.
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне заңдарда белгіленген тәртіппен "Эйр Қазақстан топ" ЖАҚ-ның мемлекеттік акциялар пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы берілсін.
4. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорны мүлкінің бір бөлігін "Эйр Қазақстан топ" ЖАҚ-на жалға берсін;
2) "Астана халықаралық әуежайы" және "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының, "Ақтөбе халықаралық әуежайы" ашық акционерлік қоғамы мен "Эйр Қазақстан топ" ЖАҚ-ның қызметін міндетті түрде келісуді енгізу жолымен авиация саласының қызметін жедел басқаруды ұйымдастыруда бірыңғайлықты қамтамасыз етсін;
3) "Эйр Қазақстан топ" ЖАҚ-мен бірлесіп үш ай мерзімде Азаматтық
авиация саласын дамытудың бағдарламасын әзірлесін және Қазақстан
Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
4) саланы дамытуға инвестициялар тарту мақсатында заңдарда
белгіленген тәртіппен "Эйр Қазақстан топ" ЖАҚ-ын құруға қатысатын ашық
акционерлік қоғамдардың жаңа акцияларын шығару және орналастыру туралы
шешім қабылдануын қамтамасыз етсін.
5.
Ескерту. 5-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.10.23.
N 1612 қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі