Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының кредиторлық берешегін өтеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 10 желтоқсан N 1899

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасына Астана қаласындағы әкімшілік кешенін сатып алу жөніндегі кредиторлық берешегін өтеуге 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражат есебінен теңгелік баламада 65467

 

(алпыс бес мың төрт жүз алпыс жеті) АҚШ доллары бөлінсін.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


    Оқығандар:   

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.