Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 10 желтоқсан N 1895

Қолданыстағы
      "Жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу" қызметінің түрлерін лицензиялау процесін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      реттік нөмірі 5-жолдың 3-бағанындағы "тарату" деген сөзден кейін

"(жиынтық орнатылған жылу қуаты 100 Гкал/сағаттан астам жылу энергиясы 
көздерінен)" деген сөздермен толықтырылсын;
     реттік нөмірі 27-жолдағы 2-баған мынадай сөздермен толықтырылсын:
     "Астана және Алматы қалаларының";
     реттік нөмірі 27-жолдағы 3-баған мынадай мазмұндағы абзацпен 
толықтырылсын:
     "Жылу энергияларын өндіру, беру және тарату (жиынтық орнатылған жылу 
қуаты 100 Гкал/сағаттан астам жылу энергиясы көздерінен)".
     2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.