Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1850 Қаулысы

Жаңартылған

       Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.18  N 365  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында білім беру сапасын басқару тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

      1. "Республикалық білім берудің мемлекеттік стандарттары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен "Республикалық тест орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын біріктіру жолымен "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
       Ескерту. 1-тармаққа тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.18  N 365  Қаулысымен.

      2. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы мыналар деп айқындалсын: 
      білім ұйымдарында оқу процесінің сапасын талдау және бағалау; 
      жоғары кәсіптік және орта кәсіптік оқу орындарына түсушілер үшін кешенді тестілеу тапсырмаларын жасау және енгізу; 
      оқу процесінің сапасын бақылайтын жаңа технологияларды, білім беру ұйымдарында оқитындардың контингентін конкурс бойынша қалыптастырудың жаңа үлгісін әзірлеу және енгізу; 
      тестілеудің теориясы мен әдістемесіне ғылыми-әдістемелік зерттеу жүргізу, білім берудің сапасын және оның мемлекеттік білім стандарттары талаптарына сәйкестігін анықтау.
       Ескерту. 2-тармаққа тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.18  N 365  Қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін. 

      4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен: 
      1) Кәсіпорын жарғысын бекітсін, сондай-ақ оның мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі" бөлімінде 9-48-реттік нөмірлі жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі" бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі";
      470-1-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "470-1. "Білім беру мен тестілеудің
              мемлекеттік стандарттарының 
              ұлттық орталығы" республикалық
              мемлекеттік қазыналық 
              кәсіпорны                      Алматы қаласы";
      2) <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111  қаулысымен .

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі