Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Қайта жаңарту және Даму Банкінің арасында Кепілдікті келісім (Жолдарды техникалық күтіп-ұстау және "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын коммерцияландыру жобасы) жасасу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 2 желтоқсан N 1847

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз бен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Z990464_ Заңының 16-бабына сәйкес, Жолдарды техникалық күтіп-ұстау және "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын коммерцияландыру жобасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Қайта жаңарту және Даму Банкінің арасында Кепілдікті келісім (Жолдарды техникалық күтіп-ұстау және "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын коммерцияландыру жобасы) (бұдан әрі - Кепілдікті келісім) жасалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      1) белгіленген тәртіппен Кепілдікті келісімге қол қойсын;
      2) енгізілген Кепілдікті келісім бойынша қаражатты резервке енгізу

 

сызбасының негізінде "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік

кәсіпорнымен тиісті келісімді дайындасын және жасассын.

     3.



     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.12.30. N 1963

              қаулысымен. 


P001963_



     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.