1. "1999 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алудың, оның есебін жүргізудің, сақтаудың және сатудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1303 P991303_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы қаулымен бекітілген 1999 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алудың, оның есебін жүргізудің, сақтаудың және сатудың тәртібі туралы ережеде: 15-тармақтағы "сатып алушының атына КТ-10 қабылдау түбіртегін рәсімдеген" деген сөздер "төлем" деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.