Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталы 56 683 900 (елу алты миллион алты жүз сексен үш мың тоғыз жүз) АҚШ долларына баламды сомаға дейін арттырылсын.
2. "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы заңдарда белгіленген тәртіппен 27 283 900 (жиырма жеті миллион екі жүз сексен үш мың тоғыз жүз) АҚШ долларына баламды сомаға қоғам акцияларының эмиссиясын жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 13 қарашадағы N 1162 P981162_ қаулысының 4-тармағының екінші абзацында айқындалған соманың шегінде "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының акцияларына төлеуге ақша аударуды қамтамасыз етсін.
4. "Отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі шараларды іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 1998 жылғы 13 қарашадағы N 1162 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 41, 379-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
4-тармақта:
"50 (елу) миллион АҚШ долларына" деген сөздер "22 716 100 (жиырма екі миллион жеті жүз он алты мың бір жүз) АҚШ долларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қордың Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған инвестициялық жобалардың тізбесіне сәйкес қосымша несиелік келісімдер жасасу мүмкін болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметіне тізбені өзгерту жөнінде ұсыныс енгізуге құқығы бар." деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"27 283 900 (жиырма жеті миллион екі жүз сексен үш мың тоғыз жүз) АҚШ долларына№баламды сома отандық тауар өндірушілерді қолдау бағдарламасының шеңберінде жобаларды одан әрі несиелендіру үшін "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталын арттыруға пайдаланылсын.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті банктер мен Эксимбанк үшін мынадай міндетті талаптар белгіленсін:
уәкілетті банктер үшін негізгі капиталға инвестицияларға арналған несиелер бойынша маржа жылдық 3 (үш) проценттен, Эксимбанк үшін - жылдық 8 (сегіз) проценттен, айналымдық капиталға уәкілетті банктер үшін - жылдық 5 (бес) проценттен, Эксимбанк үшін - жылдық 10 (он) проценттен аспауы тиіс;
уәкілетті банктердің бір жобаны қаржыландыруының ең жоғары көлемі 6
(алты) миллион АҚШ долларына баламды сомадан аспауы тиіс.".
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Е.Өтембаевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.