"Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 25 қараша N 1788. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.08.08. N 1040 қаулысымен. ~P011040

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының құрылымын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының шаруашылық басқармасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын (бұдан әрі - Кәсіпорын).
      2. Кәсіпорынның негізгі міндеті Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының мүлкін басқару жөніндегі шаруашылық қызметін жүзеге асыру болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының оны Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы ретінде, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган ретінде айқындау жөніндегі ұсынысымен келісілсін.
      4. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы

 

(келісім бойынша) бір ай мерзімде:

     1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін;

     2) заң талаптарына сәйкес Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін

қамтамасыз етсін;

     3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

     5. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 


P960790_
 


қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат)

мынадай толықтыру енгізілсін:

     Аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік

кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы тараумен және реттік нөмірі

509-1 жолмен толықтырылсын:

     "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы"


509-1 "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар

      жөніндегі ұлттық комиссиясының

      шаруашылық басқармасы" республикалық

      мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу     Алматы қ.".

      құқығындағы)


     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



    Оқығандар:   

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.