Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 19 қараша N 1754. 5-тармағынан басқасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен.

Жаңартылған

     Ескерту. 5-тармағынан басқасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N   1111  қаулысымен. 

     5. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауында болатын
мынадай мемлекеттiк мекемелер (бұдан әрi - Мекемелер) құрылсын:
     1) Сейсмологиялық тәжiрибе-әдiстемелiк экспедициясы;
     2) Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы Шымкент республикалық әскери мектеп-интернаты; <*>
     3) Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернаты;
     4) Б.Момышұлы атындағы Алматы республикалық әскери мектеп-интернаты;
     5) А.Жұбанов атындағы республикалық қазақ орта музыкалық
мектеп-интернаты;
     6) Республикалық қазақ тiлi мен әдебиетiн тереңдетiп оқытатын мектеп-интернаты;
     7) О.Жәутiков атындағы республикалық физика-математикалық мектеп-интернаты;
     8) Республикалық ғылыми-педагогикалық кiтапханасы;
     9) Академик Қ.И.Сәтпаев мемориалдық мұражайы.
     Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.11.29. N 1214  қаулысымен