Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 12 қараша N 1695

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 P990223_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ережеде:
      11-тармақтың тоғызыншы абзацында "және заңдарда көзделген жағдайда сот әділдігіне қарсы бағытталған қылмыстардың жекелеген санаттары бойынша алдын ала тергеу жүргізу" деген сөздер "қылмыстық іс жүргізу заңдарымен белгіленген тәртіпте" деген сөздермен ауыстырылсын;

     12-тармақтың 2) тармақшасының тоғызыншы абзацындағы "және заңдарда 
көзделген жағдайда сот әділдігіне қарсы бағытталған қылмыстардың жекелеген 
санаттары бойынша алдын ала тергеу" деген сөздер "қылмыстық іс жүргізу 
заңдарымен белгіленген тәртіпте" деген сөздермен ауыстырылсын.
     ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2-тармақшасы күшін жойды - ҚР Үкіметінің         
              2001.04.14. N 494 қаулысымен. 

P010494_

 
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
     
     
    Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.