Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар
Жарлығына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шекара" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзін Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісі функциясын жүзеге асырушы орган деп айқындау туралы ұсынысына келісім берілсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы саласында және тыныс-тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да жүйесінде шаруашылық қызметін жүзеге асыру болып айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) жарғылық капиталын қалыптастырсын және қаулының осы тармағын жүзеге асыру бойынша өзге де шараларды қолдансын.
5. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
479-1 реттік нөмірлі "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті" деген тарауы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"479-1. Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің
"Шекара" республикалық мемлекеттік
кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы".