Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 2 қараша N 1641

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орындалған жұмыс көлемі үшін пайда болған берешектерін өтеу мақсатында және "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының 24-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 P981334_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      IV "Шығыстар" бөлімінде:
      3 "Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік" функционалдық тобының 1 "Құқық қорғау қызметі" кіші функциясының 201 "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" мекемесінің 1 "Республикалық деңгейдегі әкімшілік шығыстар" бағдарламасының 1 "Орталық органның аппараты" кіші бағдарламасы бойынша "837552" деген сан "1009552" деген санмен ауыстырылсын;
      3 "Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік" функционалдық тобының 1 "Құқық

қорғау қызметі" кіші функциясының 201 "Қазақстан Республикасының Ішкі 
істер министрлігі" мекемесінің 1 "Республикалық деңгейдегі әкімшілік 
шығыстар бағдарламасының 2 "Аумақтық органның аппараты" кіші бағдарламасы 
бойынша "4585983" деген сан "4413983" деген санмен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі



    Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.