1. "1999 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алудың, оның есебін жүргізудің, сақтаудың және сатудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1303 P991303_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2-тармақтағы "70 (жетпіс) АҚШ долларына баламды баға бойынша 61 000 000 (алпыс бір миллион) АҚШ доллары сомасына 870 000 (сегіз жүз жетпіс мың) тонна" деген сөздер "70 (жетпіс) немесе 75 (жетпіс бес) АҚШ долларына баламды баға бойынша 61 000 000 (алпыс бір миллион) АҚШ доллары сомасына 870 000 (сегіз жүз жетпіс мың) тоннаға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Жергілікті жерлерде 1999 жылдың егіні астығын сатып алуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін жауаптылық облыстардың әкімдеріне жүктелсін.";
3) көрсетілген қаулымен бекітілген 1999 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алудың, оның есебін жүргізудің, сақтаудың және сатудың тәртібі туралы ережеде:
1-тармақтың екінші абзацы, 11 және 13-тармақтар алынып тасталсын;
5-тармақта:
"Мемлекет сатып алатын астық - жұмсақ сортты азық-түліктік бидай" деген сөздер "75 (жетпіс бес) АҚШ долларына баламды баға бойынша мемлекет сатып алатын астық - жұмсақ сортты азық-түліктік бидай" деген сөздермен ауыстырылсын;
соңғы абзац алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Дайындалатын және берілетін 3 сыныпты жұмсақ бидайдың 9353-90 МЕМСТ-тың шектеу нормаларына сәйкес келетін астығы 70 (жетпіс) АҚШ долларына баламды баға бойынша сатып алуға жатады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді жұмыс топтарына өз астығын сатуға өтініштер ұсынады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Сатушылардың тізімдерін қалыптастыруды жұмыс топтары жүргізеді.
Жұмыс топтары облыстар әкімдерінің шешімімен құрылады және облыстар әкімдерінің ауыл шаруашылығы мәселелерін басқаратын орынбасарларын, ауыл шаруашылығы департаменттерінің (басқармаларының), жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттердің, статистикалық және салық органдарының өкілдерін және жұмыс топтары төрағаларының өкілеттігі жүктелетін "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы облыстық өкілдіктерінің басшыларын қамтуы тиіс.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі сатушылардың тізіміне енгізу үшін жұмыс тобына:
1) жұмыс тобының атына жазбаша өтініш;
2) элеватор берген кіріс түбіртегі (КТ-13) мен астықтың талдау кәртішкесінің көшірмесін;
3) кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығына патенттің немесе куәліктің көшірмесін (тек шаруа қожалықтары мен жеке адамдар) ұсынады.
Жұмыс топтары оларды ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен талап етпестен өздеріне тиісті мемлекеттік органдар ұсынған мынадай құжаттардың негізінде сатушылардың тізімдерін жасайды:
1) "4 СХ" нысанындағы статистикалық деректерді - статистикалық органдар;
2) аудандағы орташа түсімділік туралы анықтамаларды - ауыл шаруашылығы департаменттері;
3) жерге мемлекеттік актінің немесе өзге де құқықты белгілейтін құжаттың көшірмесін - жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттер.
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың басшылары жұмыс топтарына ұсынылатын құжаттардағы ақпараттардың дұрыстығы үшін жеке жауаптылықта болады.
Жұмыс топтары бұл құжаттарды алқаптарға тұқым себілуі туралы ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын анықтау мақсатында және сатушыдағы сияқты әрбір тауар өндірушідегі астықтың ең жоғары көлемін айқындау үшін орталықтандырылған түрде тиісті мемлекеттік органдардан алынған "4 СХ" нысанындағы статистикалық деректермен және аудандағы орташа түсімділік туралы анықтамалармен бірге қарайды.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Жұмыс топтары алынған құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен нысандар бойынша сатушылардың тізімдері мен тізілімдерін жасайды";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Жұмыс топтары сатушылардың астық сатуға арналған өтініштерін алады және оларды оның негізінде соңғылары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен нысан бойынша астық сатушылармен үлгі шарттар жасасатын Корпорацияның облыстық өкілдігіне үш күннің ішінде Корпорацияға берілетін мынадай құжаттарды:
1) КТ-10-ның түпнұсқасын;
2) элеватор берген талдау кәртішкесінің түпнұсқасын;
3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік салық инспекциясының 1995 жылғы 26 маусымдағы N 37 нұсқаулығына сәйкес белгіленген нысандағы есеп-фактура мен салықтық есеп-фактурасын (салық салудың оңайлатылған режимімен жұмыс істейтін тұлғаларға арналған салықтық есеп-фактурасы басшының қолымен және аудандық салық органының мөрімен расталған болуы тиіс) ұсынады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "14. Корпорация (оның өкілдігі) сатушыларға ақша аударуды, сатушылар үлгі-шарттың ережелеріне сәйкес астықты беру жөніндегі міндеттемелерін іс жүзінде орындаған күннен бастап, жеті операциялық күннің ішінде жүзеге асырады."; 23-тармақтағы "Қордың" деген сөз "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н. Икебаева А.Ж.