Кейбір ұйымдарды Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің қарамағына беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 24 қазан N 1596. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.01. N 309 қаулысымен. ~P010309

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған тізбеге (1-қосымша) сәйкес ұйымдар Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің қарамағына берілсін және ол мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ берілген мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асыратын уәкілетті орган болып белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне "Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөніндегі ұлттық орталығы", "Қазқараметавтоматика" акционерлік қоғамдарының мемлекеттік акциялар пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын берсін.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.05. N 186
               қаулысымен. P010186_
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың қоса беріліп отырған тізбесіне сәйкес (2-қосымша) іске асырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жоғарыда көрсетілген бағдарламалар бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігін қаржыландыруды Ғылым және жоғары білім министрлігіне 1999 жылға арналған бюджетте көзделген қаражат есебінен және соның шегінде қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі бір ай мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) берілген мемлекеттік кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін және олардың әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 24 қазандағы
N 1596 қаулысына
1-қосымша

ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.05. N 186 қаулысымен. P010186_
 



     Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және

     сауда министрлігінің қарамағына берілетін ұйымдардың

                      Тізбесі


  ________________________________________________________________

  р/с             Ұйымдардың атауы          Орналасқан жері

  N

  ________________________________________________________________

     1     Қазақстан Республикасының Ғылым         Курчатов қаласы

           және жоғары білім министрлігінің

           шаруашылық жүргізу құқығындағы

           "Қазақстан Республикасының

           Ұлттық ядролық орталығы"

           республикалық мемлекеттік кәсіпорны

     2     Қазақстан Республикасының Ғылым         Алматы қаласы

           және жоғары білім министрлігінің

           шаруашылық жүргізу құқығындағы

           "Қазақстан Республикасының

           минералды шикізатты кешенді өңдеу

           жөніндегі ұлттық орталығы"

           республикалық мемлекеттік кәсіпорны

     3-8




     9     Қазақстан Республикасының Ғылым         Алматы қаласы

           және жоғары білім министрлігінің     

           "Машина жасау" салааралық ғылыми

           технологиялық орталығы" республикалық

           мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

     10    Қазақстан Республикасының Ғылым         Қарағанды қаласы

           және жоғары білім министрлігінің       

           "Машина жасауды болжау жөніндегі

           ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық

           мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

     11    Қазақстан Республикасының Ғылым         Алматы қаласы

           және жоғары білім министрлігінің       

           "Арнайы жобалау-құрастыру және

           технологиялық бюросы тәжірибелік

           өндірісімен" республикалық

           мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

     12



     13    Қазақстан Республикасының               Алматы қаласы

           Радиоэлектроника және байланыс

           жөніндегі ұлттық орталығы" ашық

           акционерлік қоғамы

     14



     15



                                 Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                               1999 жылғы 24 қазандағы N 1596 қаулысына

                                            2-қосымша


     ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.05. N 186         

               қаулысымен. 


P010186_
 



     Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар

                          Тізбесі


     1. Қазақстанда атом энергетикасының дамуы

     2. Осы заманғы телекоммуникация және байланыс жүйелерін құру

     3. Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған тау-кен

металлургия кешенінің тұрақты жұмыс істеуі мен стратегиялық

басымдылықтарын

ғылыми-техникалық қамтамасыз ету

     4.



     5.






   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Икебаева А.Ж.