Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнаулы бағдарламасының шеңберінде Көлік және шекаралардан өту жобалық жұмыс тобының 2-мәжілісінің шешімдерін іске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 қазан N 1544

Қолданыстағы

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнаулы бағдарламасының шеңберінде Көлік және шекаралардан өтуді оңайлату саласындағы жобалық жұмыс тобының 2-мәжілісінің шешімдерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнаулы бағдарламасының шеңберінде Көлік және шекаралардан өту жобалық жұмыс тобының 2-мәжілісінің шешімдерін іске асыру жөніндегі қоса беріліп отырған іс-шаралардың жоспары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнаулы бағдарламасына қатысушы-елдерге, сондай-ақ БҰҰ-ның Еуропа экономикалық комиссиясы, БҰҰ-ның Азия мен тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы, Еуропа қауымдастығы комиссиясы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Темір жолдардың ынтымақтастығы ұйымы, Халықаралық автомобиль көлігі одағы, Экспедиторлық ассоциациялардың федерациясы сияқты халықаралық ұйымдар мен мына халықаралық қаржы институттарына: Дүниежүзілік банкке, Азия даму банкіне, Еуропа қайта жаңарту және даму банкіне, Ислам даму банкіне шақыру жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігінің негізделген сметалар мен растайтын құжаттарды ұсыну бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражаттың есебінен Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнаулы бағдарламасының шеңберінде Көлік және шекаралардан өту-жобалық жұмыс тобының 3-мәжілісін

 

өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының

Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігіне жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрінің

        міндетін атқарушы



                                   Қазақстан Республикасы

                                         Үкіметінің

                                  1999 жылғы 9 қазандағы

                                    N 1544 қаулысымен

                                       бекітілген


             Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның

     экономикаларына арналған Арнаулы бағдарламасының шеңберінде

      Көлік және шекаралардан өту - жобалық жұмыс тобының

      2-мәжілісінің шешімдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың

                          Жоспары

__________________________________________________________________________


N        №Іс-шаралар           Аяқтау       Орындау      Орындауға

р/с                             нысаны       мерзімі      жауаптылар

__________________________________________________________________________

  1             2                  3            4              5

__________________________________________________________________________

1.  Шекаралардан өтудің  Көлік, коммуника.  1999 жылдың  Мемлекеттік кіріс

     қазіргі практикасын  циялар және        30 қыркүйегі. министрлігінің

     талдау:              туризм министр.    не дейін      Кеден комитеті,

     - Шекаралардан өту.  лігіне ақпарат                   Ұлттық қауіпсіз.

     дің негізгі пункт.   ұсыну                            дік комитетінің

     терін айқындау және                                  Шекаралық қызметі

     олардың бітімдік                                     (келісім бойынша)

     сипаттамаларын, тасы.

     малдардың көлемін

     және транзитті қоса

     алғанда тұрып қалулар

     мен шығасыларға бай.

     ланысты кез-келген өзге

     де ақпаратты көрсету


     - Жүк тасымалдарына

     қызмет көрсету кезіндегі

     өткізу пункттерінің

     техникалық жай-күйін

     және шекарадағы қызметті

     айқындау

__________________________________________________________________________


2.  БҰҰ-ның 48/11 АТМЭ ӘК   Үкіметтің      2000 жылдың   Мемлекеттік кіріс

     "Автомобиль және темір  қаулысы,       1 қаңтарына     министрлігінің

     жол көлігі - тасымал.   Заңның жобасы  дейін          Кеден комитеті

     дауды жеңілдету жөнін.

     дегі шаралар" туралы

     қарары ұсынған мына

     конференцияларға қосылу

     жөніндегі құжаттардың  

     пакетін Қазақстан

     Республикасының Үкіметіне

     енгізу:

     1. Коммерциялық мақсаттар

     үшін қызмет ететін жолдық

     тасымалдау құралдарын

     уақытша әкелуге қатысты

     кедендік конвенция

     (18/05/1956)

     2. Контейнерлер туралы

     кедендік конвенция

     (2/12/1972)

     3. Шекарада жүктерге

     бақылау жүргізудің шарт.

     тарын келісу туралы халық.

     аралық конвенция (21/10/1982)

__________________________________________________________________________

3.  Орталық Азиядағы көліктік   Деректердің   1999 жылдың  Көлік, коммуни.

     инфрақұрылым және шекарадан   банкі       1 қазанына   кациялар және

     өту саласында орындалатын                   дейін      туризм

     жұмыстар бойынша деректер.                             министрлігі

     дің базасын құру

__________________________________________________________________________

4.  Көлік және шекаралардан     Бағдарламаның 1999 жылдың  Көлік, коммуни.

     өту жобалық жұмыс тобының   келісілген    1 қазанына   кациялар және

     1999-2000 жылдарға арналған жобасы        дейін        туризм министр.

     жұмыс бағдарламасының жоба.                            лігі

     сы бойынша ұсыныс енгізу                               Сыртқы істер

     және ресурстарды жұмылдыру                             министрлігі

__________________________________________________________________________

5.  Еуропалық Одаққа "ТРАСЕКА   Еуропалық    1999 жылдың   Сыртқы істер

     дәлізінің жердегі көліктік  Одаққа сұрау 30 қыркүйегі. министрлігі

     бағыттары бойынша егжей-    салу         не дейін     (шақыру), Көлік,

     тегжейлі зерттеу жүргізу:                              коммуникациялар

     транзиттік және шекара                                 және туризм

     арқылы тасымалдауларға                                 министрлігі

     кедергілерді анықтау"

     жобасын қаржыландыру

     туралы сұрау жолдау

__________________________________________________________________________

6.  Жобалық жұмыс тобының       Үкіметтің   1999 жылдың  Көлік, коммуника.

     ұсынымдарына сәйкес         қаулысы     1 қарашасына  циялар және

     шекарадан өту рәсімдерін                 дейін        туризм министр.

     оңайлату және халықаралық                             лігі, Сыртқы

     тасымалдауларды дамыту                                істер министр.

     мәселелері бойынша                                    лігі

     ұлттық комиссия құру

__________________________________________________________________________

7.  1999 жылдың 18-19 қазанын.   Мәжіліске   1999 жылдың  Көлік, коммуни.

     да Алматы қаласында Көлік    дайындық     қыркүйек-   кациялар және

     және шекаралардан өту        және оны     қазаны      туризм министр.

     жобалық жұмыс тобының        өткізу                   лігі, Сыртқы

     3-мәжілісін өткізу                                   істер министрлігі



   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.