1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Демпингке қарсы бақылау жөніндегі комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен осындай немесе тікелей бәсекелесті тауарлардың импорты кезінде отандық тауар өндірушілерге келтірілген (келтіру қаупі мүмкін болатын) айтарлықтай залалды анықтау мақсатында осы қаулыға қосымшада көрсетілген тауарларға қатысты байыптауды бастасын.
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі байыптау аяқталғанға дейін "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысымен бекітілген Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібі туралы ережеге сәйкес осы қаулыға қосымшада көрсетілген тауарлардың импортын лицензиялауды жүзеге асырсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Демпингке қарсы бақылау жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп белгіленген тәртіппен Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы Кеден Одағының Интеграциялық комитеті мен Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының Орталық Азия Экономикалық
Қоғамдастығы Мемлекетаралық Кеңесінің Атқарушы комитетін Қазақстан Республикасының мүмкін болатын қорғаныш шараларын қолдану мақсатында байыптауды бастау ниеті туралы құлақтандырсын. 3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 1509 қаулысына қосымша ЕСКЕРТУ. Қосымша толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.02.24. N 294 қаулысымен. P000294_ Осындай немесе тікелей бәсекелесетін тауарлардың импорты кезінде отандық өндірушілерге келтірілген (келтіру қауіпі мүмкін) айтарлықтай залалды анықтау мақсатында оларға қатысты байыптау рәсімі жүргізілетін тауарлардың тізбесі Тауарлардың атауы СЭҚ ТН коды Табиғи сульфат барийі 2511 10 000 Антифриздер мен мұздануға қарсы дайын сұйықтар 3820 00 000 Оралымдардағы қаптағыш жабын материалдар 6807 10 100 Толқынды шифер 6811 10 000 Тас жыныстарын немесе жер қабатын, басқаларды бұрғылау құралдары 8207 19 900 Ортадан айналатын, басқа да тереңдіктік, 8413 70 210 бір сатылы насостар Ортадан айналатын, басқа да тереңдіктік, 8413 70 290 көп сатылы насостар Шығару клапанының диаметрі 15 мм артық бір 8413 70 910 сатылы ортадан айналатын басқа да насостар Көмірқышқылды өрт сөндіргіштер, өрт сөндіргіш зат - массасы 21 кг. аспайтын* 8424 10 910-дан көміртегінің қос тотығы Көтергішті 3,2-ден 50 тоннаға дейін 8426 11 000-дан мақсаттағы электрлі магниттік, грейферлік және металл тасымалдау үшін көпірлік жүк крандар* Қуаты 1 кВа аспайтын трансформаторлар, 8504 31 900 басқалары Қуаты 1 кВА-н астам, бірақ 16 кВА-дан аспайтын трансформаторлар, басқалары 8504 32 900 Қуаты 16 кВА-н астам, бірақ 500 кВА-дан 8504 33 900 аспайтын трансформаторлар, басқалары Қуаты 500 кВА-дан астам трансформаторлар 8504 34 000 Сұйық өлшегіштер 9028 20 000 Ауыспалы токқа арналған көп фазалы 9028 30 190 электр энергиясын өлшегіштер Ауыспалы токқа арналған бір фазалы 9028 30 110 <*> электр энергиясын есептегіштер *- Тауардың номенклатурасы кодпен де, тауардың атауымен де айқындалады. Белгіленген жағдайлар кезіндегі жұмыс үшін техникалық параметрлер мен мақсаты тиісті жазбалармен расталуы тиіс: машиналар мен жабдықтар үшін - бұйымның төлқұжатында немесе заводтық сынақтардың сертификатында Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Қасымбеков Б.А.