Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегі N 1357 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 қыркүйек N 1491

Қолданыстағы

      Қалыптасып отырған қиын жағдайды ескере отырып және Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Республикалық бюджеттен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегі N 1357 P991357_ қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      кіріспесіндегі "Первомайск" деген сөзден кейін "және Курчатов қаласы" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шығыс Қазақстан облысының әкіміне 1999 жылға арналған республикалық

 

бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражаттың

есебінен 50 миллион теңге, оның ішінде Первомайск қала үлгісіндегі кентінің

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жылумен жабдықтаудың дербес көздеріне

көшіру үшін 20 миллион теңге және Курчатов қаласының қазандықтары үшін

мазут сатып алуға 30 миллион теңге бөлінсін;".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Икебаева А.Ж.