Экономикалық зерттеулер мен статистика жөніндегі ұлттық үйлестірушілердің 2-ші кеңесін өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 қыркүйек N 1439

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Экономикалық зерттеулер және статистика жөніндегі ұлттық үйлестірушілердің 2-ші кеңесін Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ) Жоспарының шеңберінде 1999 жылдың 4-7 қазанында Алматы қаласында өткізсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі кеңесті өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қосымшаға сәйкес республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражаттың есебінен қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен кеңеске қатысушылардың келу және кету құжаттарын ресімдеуге жәрдем көрсетсін.
      4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі


                                      Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 1439 қаулысына қосымша


     Алматы қаласында (1999 жылдың 4-7 қазаны) Экономикалық
   зерттеулер және статистика жөніндегі ұлттық үйлестірушілердің
                 2-ші кеңесін өткізуге арналған
                      Шығыстардың сметасы
      
                                                        (теңге)
     
     N        Шығыстардың атауы           Нормасы        Жалпы сомасы
     
     1.   Қатысушылардың "Қазақстан"
          қонақ үйінде тұруы 
          18 адам х 5 күн                 5800/күн       522000
     2.   Ресми түстіктер мен кешкі 
          астарды өткізуге арналған
          шығыстар
          25 адам                         6500/адам      162500
     3.   Кофе-брейктер  
          25 адам х 4 күн                 1040/адам      78000
     4.   Кәдесыйлар, ескерткіш 
          сыйлықтар (Қазақстан туралы
          көркем безендірілген кітаптар)
          18 адам                          2000          36000
     5.   Автокөліктік қызмет көрсету
          2 машина х 8 сағ. 4 күн          700/сағ.      33600
     6.   Аудармашылардың қызметіне
          ақы төлеу
          2 адам х 8 сағ. х 4 күн          700/сағ.      44800
     7.   "Қазақстан" қонақ үйінің          
          конференц-залын жалға алу
          8 сағ. х 3 күн                   10350/сағ.    248400
                         жиыны:                          1125300
 
     
     
   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.М.
  Қасымбеков Б.А.