Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 21 қыркүйек N 1431

Қолданыстағы

      Республикалық меншік объектілерін коммуналдық меншікке беру жөніндегі

 

жұмыстарды жандандыруға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы

етеді:

     1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы

органдарына коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіруді жүзеге асыруға

уәкілеттік берілсін.

     2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыдан

туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Қасымбеков Б.