Бір жағынан Қазақстан Республикасы мен екінші жағынан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оған мүше мемлекеттердің арасындағы Ынтымақтастық кеңесі мен Ынтымақтастық комитетінің қазақстандық бөліктерін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 20 қыркүйек N 1418

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 26 мамырдағы N 113-1 Z970113_ Заңымен бекiтiлген және 1999 жылғы 1 шiлдеде күшiне енген, бiр жағынан Қазақстан Республикасы мен екiншi жағынан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оған мүше мемлекеттердiң арасындағы Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы келiсiмнiң 76 және 78-баптарын орындау үшiн Қазақстан Республикасының

Yкiметi қаулы етеді:
     1. Мына орталық атқарушы органдардың бiрiншi басшылары деңгейiнде 
бiр жағынан Қазақстан Республикасы мен екiншi жағынан Еуропалық 
Қоғамдастықтар мен оларға мүше мемлекеттердiң арасындағы Ынтымақтастық 
кеңесiнiң (бұдан әрi - Кеңестiң) қазақстандық бөлiгi құрылсын:
     Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi;
     Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi;
     Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi;
     Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi;
     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi;
     Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі;
     Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм 
министрлiгi;
     Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi;
     Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi;
     Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi;
     Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау 
министрлiгi;
     Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда 
министрлiгi;
     Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны 
қорғау министрлiгi;
     Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi;
     Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi;
     Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекенi 
қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi;
     Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алулар жөнiндегi 
агенттiгi.
     Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегі агенттiгi;
     Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi;
     Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi 
агенттiгi.
     Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi агенттiгi;
     Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi;
     Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi.


      Қазақстан Республикасының Кеңестiң кезектi мәжiлiсiне баратын қазақстандық делегацияның құрамы мәжiлiстiң күн тәртiбi мен қаралатын мәселелерге байланысты жасақталатын болсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 1999.11.20. N 1758
               қаулысымен. P9901758 8
      2. Кеңестiң қазақстандық бөлiгiнiң тең төрағасы болып Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бірінші орынбасары Александр Сергеевич Павлов бекiтiлсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 1999.11.20. N 1758
               қаулысымен. P9901758 8
      3. Кеңеске өзiнiң мiндеттерiн орындауда жәрдемдесу мақсатында Қазақстан Республикасының жоғарыда көрсетiлген орталық атқарушы органдарының өкiлдерiнен аға лауазым иелерi деңгейiнде бiр жағынан Қазақстан Республикасы мен екiншi жағынан Еуропалық Қоғамдастықтар мен оған мүше мемлекеттердiң арасындағы Ынтымақтастық комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет) қазақстандық бөлiгi құрылсын.
      Комитеттiң қазақстандық бөлiгiнiң тең төрағасы болып Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер бiрiншi вице-Министрi Әділ Құрманжанұлы Ахметов бекiтілсiн.*>
      Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының басшылары он күндiк мерзiмде Комитеттiң қазақстандық бөлiгi мүшелерiнiң кандидатураларын Кеңестiң бекiтуiне енгiзсiн.
      Комитеттiң кезектi мәжілiсiне қазақстандық делегацияның құрамы күн тәртiбi мен қаралатын мәселелерге байланысты жасақталсын.
      Комитетке олардың мәртебесiн өзгерту, тарату немесе жаңа құрылымдар құру құқығымен, кiшi комитеттер мен жұмыс топтарын құру өкiлеттiгi берiлсiн. Аталған құрылымдар өздерiнiң әрбiр отырыстарынан кейiн, оның алдында есеп беретiн, Комитеттiң басшылығымен жұмыс iстейдi деп саналады.
      Комитеттiң қазақстандық бөлiгiнің тең төрағасына Кеңестiң ұсынысы бойынша екi жақты сипаттағы ағымдағы мәселелердi жедел қарау мақсатында Комитеттiң, кiшi комитеттер мен жұмыс топтарының кезектi және кезектен тыс отырыстарын шақыруға және өткiзуге өкiлеттiк берілсiн.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 1999.11.20. N 1758
               қаулысымен. P9901758 8
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi орталық атқарушы органдардың Еуропалық Қоғамдастықтармен және оларға мүше мемлекеттермен өзара iс-қимылын үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң және өзге ұйымдарының мамандары мен сарапшыларын белгiленген тәртiппен тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарынан екi жақты қарым-қатынас мәселелерiне қатысты қажеттi ақпараттар мен өзге де материалдарды сұрау және алу құқығы берiлсiн.
      Кеңес пен Комитеттің тиiмдi жұмысын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгі екi жақты ынтымақтастықтың практикалық мәселелерiн пысықтау жөнiндегi Хатшылық құра алады.
      5. Кеңес пен Комитеттiң қазақстандық бөлiктерiнiң қызметтерiне

бақылау жасау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне
жүктелсін.
     6. "Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен үкiметаралық 
комиссиялардың жұмысын жандандыру туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң 1998 жылғы 19 наурыздағы N 231  

P980231_

  қаулысына (Қазақстан 
Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., N 8, 56-құжат) мынадай өзгерiстер мен 
толықтырулар енгiзiлсiн:
     аталған қаулыға қосымшада:
     1) "Қазақстан Республикасы -       Ораз Әлиұлы Жандосов - Қазақстан 
     Еуропалық Одақ" бiрлескен          Республикасы Премьер-Министрiнiң
     комитетi"                          орынбасары - Қазақстан 
                                        Республикасының Қаржы министрi" 
     


      деген жолдағы "Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ бiрлескен комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" ынтымақтастық кеңесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер бірінші вице-Министрі -

"Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" ынтымақтастық комитетінің 
қазақстандық бөлігінің тең төрағасы Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов шет 
елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 
қазақстандық бөлігі тең төрағаларының құрамына енгізілсін.
     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
    Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Қасымбеков Б.