Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 тамыздағы N 1160 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 18 қыркүйек N 1413

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Үстем жағдайға ие шаруашылық жүргiзушi субъектiлер көрсететiн қызметтердiң жекелеген түрлерiне бағаларды мемлекеттiк реттеу жөнiндегі жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 16 тамыздағы N 1160 P991160_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң iшкi рыногында үстем жағдайға ие мұнай өндiрушi және мұнай өңдеушi шаруашылық жүргізушi субъектiлерге мемлекеттiк реттеу шаралары қолданылады деп айқындасын.";
      2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және 
бәсекенi қорғау жөнiндегі агенттiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен
бiрлесiп заңдарда белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында 
көрсетiлген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің қызметiн мемлекеттiк 
реттеудi қамтамасыз етсiн.".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі


   Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Қасымбеков Б.