Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі "Денсаулық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 10 қыркүйек N 1364

Қолданыстағы

      ЕСКЕРТУ. Қаулының атауы мен мәтініндегі сөздер ауыстырылды - ҚР
               Үкіметінің 2000.02.24. N 286 қаулысымен. P000286_
 
      Медициналық қызмет көрсетулердің сапасы мен медициналық ұйымдардың

 

қызметiн талдауды жетілдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметi

қаулы етеді:

     1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт

министрлiгiнiң "Медициналық қызмет көрсетулерге ақы төлеу жөнiндегi

орталығы" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау

iсi жөнiндегi агенттiгi "Денсаулық" республикалық мемлекеттiк қазыналық

кәсiпорнына (бұдан әрi - Кәсiпорын) қайта құру жолымен қайта

ұйымдастырылсын.



     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.02.24. N 286  

              қаулысымен. 


P000286_




     2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы:

     ұсынылатын медициналық қызметтердiң сапасын талдау және бағалау;

     денсаулық сақтау саласындағы реформалардың ақпараттық iлеспесi;






     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.24. N 286          

              қаулысымен. 


P000286_





 
       3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтауісі жөніндегі агенттігі заңдарда белгiленген тәртiппен:
      Кәсiпорын жарғысын онда облыстарда, Астана, Алматы қалаларында Кәсiпорынның филиалдарын көздеп бекiтсiн;
      мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн және өзге де ұйымдастырушылық iс-шараларын жүргiзсiн;
      медициналық ұйымдарды қаржыландыру жөніндегі функцияларды орындау

 

үшін Медициналық қызмет көрсетулерге ақы төлеу жөніндегі орталықтың

бөлімшелерінің материалдық, техникалық құралдарын жергілікті атқарушы

органдарға беруді қамтамасыз етсін.

     5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір

шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

     6. Осы қаулы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдануға енгізіледі.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                   Қазақстан Республикасы

                                        Yкiметiнiң

                                   1999 жылғы "10" қыркүйектегi

                                     N 1364 қаулысымен

                                        бекiтiлген


     Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне

         енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар


     1. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы"

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 


P960790_



қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):

     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк

кәсiпорындардың тiзбесiнде:

     "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт

министрлiгі" бөлiмiнде:

     мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 9-66-жолмен толықтырылсын:

     "9-66. Қазақстан Республикасы Денсаулық

     сақтау, бiлiм және спорт министрлiгінiң

     "Денсаулық" республикалық мемлекеттiк

     қазыналық кәсiпорны                          Астана қаласы";


     реттiк нөмiрi 9-18-жол алынып тасталсын.


 
       2. "Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын әкiмшi-мекемелердiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 P981335_ қаулысына:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, орталық атқарушы органдар әкiмшiлiк ететiн бағдарламалар мен кiшi бағдарламалардың тiзбесiнде:
      224 "Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгі" мемлекеттiк мекемелер жолы бойынша 67 "Медициналық қызмет көрсетудi төлеу жөнiндегi орталықтың көрсеткен қызметiне төлем жасау" деген бағдарламадағы 30 "Медициналық қызмет көрсетудi төлеу жөнiндегi орталық" деген кiшi бағдарлама алынып тасталсын.
      3.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.11.19. N 1754
               қаулысымен. P991754_
      4. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Денсаулық сақтау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 7 мамырдағы N 533 P990533_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 17, 187-құжат):

 

     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Денсаулық

сақтау , білім және спорт министрлігі  Денсаулық сақтау комитетiнiң

қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

     реттiк нөмiрi 24 және 47-жолдар алынып тасталсын;

     мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 66-жолмен толықтырылсын:

     "66. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт

министрлігі "Денсаулық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны".





   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Нарбаев Е.