Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 10 қыркүйек N 1358

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгі Аэроғарыш комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылдың 11 тамыздағы N 1131 P991131_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгізсiн:
      1) 1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Ғылым және

жоғары бiлiм министрлiгінiң Аэроғарыш комитетi туралы ережеде:
     16-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ғылым және 
жоғары бiлiм министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi 
орынбасары, оның ішінде төрағаның бiр орынбасары - "Байқоңыр" космос айлағы
басқармасының бастығы, болады.";
     18-тармақтың 1) тармақшасындағы "өзiнiң орынбасары" деген сөздер 
"өзiнiң орынбасарлары" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Омарбекова А.