Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына ведомстволық бағыныстағы жекелеген ұйымдар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 8 қыркүйек N 1340

Қолданыстағы
      "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші- мекемелерінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 P981335_ қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының өзін-өзі қаржыландыруын және мүлкінің ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Мыналар:
      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының орталық ауруханасы" мекемесі "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының Ақмола қаласындағы N 2 ауруханасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының N 2 ауруханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының "Алматы" санаторийі" мекемесі "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының "Алматы" клиникалық санаторийі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      4) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының "Оқжетпес" санаторийі мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының "Оқжетпес" клиникалық санаторийі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      5) "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының шаруашылық есептегі Базалық дәріханасы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының Базалық дәріханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындары қызметiнiң негізгі нысанасы - денсаулық сақтау саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн жүзеге асыру деп белгiленсiн.
      3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы - дәрi-дәрмектер, дәрiлiк заттар мен емдеу препараттарын, медициналық жабдықтар мен аспаптар дайындау деп белгіленсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасының, оны құрылатын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган деп айқындау туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      5. Заңдарда белгіленген тәртiппен уәкiлеттi органға:
      1) құрылатын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың жарғысын әзiрлеу және бекiту және оның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз ету;
      2) құрылып жатқан республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың жарғылық капиталын қалыптастыру;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдау ұсынылсын.
      6. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы"

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  

P960790_

  
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) 
мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк 
кәсiпорындардың тiзбесiнде, "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс
Басқармасы" бөлiмi, мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 
466-2 - 466-6-жолдармен толықтырылсын:
     "466-2 Қазақстан Республикасы Президентiнiң 
            Iс Басқармасы Медициналық орталығының
            Орталық клиникалық ауруханасы"
            республикалық мемлекеттiк
            қазыналық кәсiпорны                       Алматы қаласы
     466-3  "Қазақстан Республикасы Президентiнiң
            Iс Басқармасы Медициналық орталығының
            N 2 ауруханасы" республикалық мемлекеттiк
            қазыналық кәсiпорны                        Астана қаласы
     466-4 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң
            Iс Басқармасы Медициналық орталығының
            "Алматы" клиникалық санаторийi"
            республикалық мемлекеттiк
            қазыналық кәсiпорны                        Алматы қаласы
     466-5 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң
            Iс Басқармасы Медициналық орталығының
            "Оқжетпес" клиникалық санаторийi"
            республикалық мемлекеттiк
            қазыналық кәсіпорны                      Ақмола облысы
                                                     Бурабай поселкесі
     466-6  "Қазақстан Республикасы Президентінің
            Іс Басқармасының Медициналық орталығының
            Базалық дәріханасы" республикалық
            мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
            (шаруашылық жүргізу құқығында)             Астана қаласы".
     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
    Оқығандар:
    Қобдалиева Н.
    Қасымбеков Б.А.