Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Парламенті мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттарына қызмет көрсету жөніндегі дирекция" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 8 қыркүйек N 1339

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Парламенті мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттарына қызмет көрсету жөніндегі дирекция" республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметі әкімшілігі ғимараттарының дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталсын.
      2. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

 

     көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік

кәсіпорындардың тізбесінде, "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс

Басқармасы" бөліміндегі реттік нөмірі 463-жол мынадай редакцияда жазылсын:

     "463"Қазақстан Республикасы Президенті

         Әкімшілігі мен Үкіметі

         ғимараттарының дирекциясы"    

         республикалық мемлекеттік кәсіпорны

         (шаруашылық жүргізу құқығында)                   Астана қаласы".

     3. Қазақстан Республикасының Президентінің Іс Басқармасына осы

қаулыдан туындайтын барлық қажетті рәсімдерді жүргізу ұсынылсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



  Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Омарбекова А.