Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1268 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 1999 жылғы 8 қыркүйек N 1332 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.10.31. N 1158 қаулысымен.

Күшін жойған

      Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1268 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., N 47, 422-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзудiң тәртiбi туралы нұсқаулықта:
      1) 5-тармақтың алтыншы абзацындағы "осы Нұсқаулықтың 5-тармағын орындай отырып," деген сөздер алынып тасталсын;
      2) 6-тармақта:
      үшiншi абзацта:
      "Тауарлардың" деген сөз "Мемлекеттiк сатып алуды баға ұсыныстарын сұрауды пайдалана отырып өнiм берушiнi таңдап алу тәсiлiмен жүзеге асырған кезде тауарлардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "осы Нұсқаулықпен белгiленген (бiр-, екi-, немесе бес)" деген сөздер алынып тасталсын;
      төртiншi абзац алынып тасталсын;
      3) 9-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "мемлекеттiк органдардың" деген сөздер "орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзацта:
      "мен ұйымдары" деген сөздер алынып тасталсын;
      "үшiн" деген сөзден кейiн "орталық және жергiлiктi" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 11-тармақта:
      екiншi абзацтағы ", Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң немесе оған ведомстволық бағыныстағы мекемелердiң өкiлдерi", ", Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң өкiлдерi" деген сөздер алынып тасталсын;
      алтыншы абзацтағы "құрамын" деген сөзден кейiн ", оның iшiнде комиссия төрағасының орынбасары мен хатшыны" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Конкурстық комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, комиссия отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауап бередi.
      Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.";
      6) мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      "12-1. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруға және өткiзуге жауапты тиiстi бөлiмшесiнiң маманы болып табылады. Конкурстық комиссия шешiмдер қабылдаған кезде конкурстық комиссия хатшысының дауыс беруге құқығы жоқ.
      Конкурстық комиссияның хатшысы ықтимал өнiм берушiлерге конкурстық құжаттаманы табыс етедi, ықтимал өнiм берушiлердi тiркеу журналын жүргiзедi, ықтимал өнiм берушiлерден конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi қабылдайды, конкурстық комиссияның отырыстарының күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және отырыс өткеннен кейiн оның хаттамаларын ресiмдейдi.
      Техникалық сарапшылар ықтимал өнiм берушiлер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулерді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгi жөнiнде сараптық қорытынды бередi және конкурстық комиссия шешiм қабылдаған кезде олардың дауыс беруге құқығы жоқ. Сараптық қорытынды жазбаша түрде ресiмделедi және конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса тiркеледi.";
      7) 13-тармақтың екiншi абзацы "комиссия" деген сөзден кейiн "мемлекеттiк сатып алу туралы заңдарға және" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) мынадай мазмұндағы 13-1 және 13-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "13-1. Конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруға және өткiзуге жауапты тиiстi бөлiмшесi конкурстық комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
      13-2. Конкурстық комиссияның шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады және оған конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
      Конкурстық комиссия мүшелерi ерекше пiкiр бiлдiруге құқылы, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде баяндалады және конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса тiркелуi тиiс.";
      9) 14-тармақтағы "Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес" деген сөздер "заңдарда белгiленген тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
     10) 15-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:     "Конкурстық құжаттама уәкiлеттi орган бекiтетiн үлгiлiк конкурстық құжаттама негiзiнде жасалады.";
     11) 19-тармақтағы "мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде, ал халықаралық конкурс өткiзiлген жағдайда" деген сөздер алынып тасталсын;
     12) 22-тармақ алынып тасталсын;
     13) 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "23. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген ықтимал өнiм берушi конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушыдан 8-қосымшаға сәйкес нысандағы хабарландыруда көрсетiлген орында және мерзiмдерде алуы тиiс.";
     14) 31-тармақтың бiрiншi абзацының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
     "8) конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзгенiн растайтын құжаттар;";
     15) 32-тармақтағы "конкурстық құжаттама қай тiлде жасалса, сол" деген сөздер "конкурстық құжаттамада көрсетiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;
     16) 33-тармақта:
     үшiншi абзац алынып тасталсын;
     төртiншi абзацтағы "Шетелдiк ықтимал" деген сөздер "Ықтимал" деген сөзбен ауыстырылсын;
     17) 45-тармақтың бiрiншi абзацындағы "конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудiң" деген сөздер "конкурстық өтiнiмдi құрайтын құжаттардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
     18) 51-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
     19) 54-тармақтың екiншi абзацындағы "конкурсқа қатысатын барлық ықтимал өнiм берушiлерге" деген сөздер "қайтарылмаған конкурстық өтiнiмдерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) 56-тармақтағы "0-ден 2 процентке дейiн" деген сөздер "2 проценттен аспайтын мөлшерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      21) 59-тармақтағы "0-ден 3 процентке дейiн" деген сөздер "3 проценттен аспайтын мөлшерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      22) 60-тармақтың бiрiншi абзацындағы "0-ден 10 процентке дейiн" деген сөздер "10 проценттен аспайтын мөлшерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
     23) 64-тармақта:
     "Конкурсқа қатысушы ықтимал" деген сөздер "Ықтимал" деген сөзбен ауыстырылсын;
     "байланыс жасамауы" деген сөздер "келiссөз жүргiзбеуi" деген сөздермен ауыстырылсын;
     24) 67-тармақта:
     екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "Конкурстық комиссия сондай-ақ барлық конкурстық өтiнiмдер қабылданбаған жағдайда, конкурсты өткiзiлмеген деп таниды (жариялайды).";
     үшiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы абзацтар алынып тасталсын;
     25) 68-тармақта:
     2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "2) конкурстық құжаттаманы алған ықтимал өнiм берушiлердiң
атауы мен орналасқан жерi және конкурстық құжаттаманы алған уақыты;";
     26) 70-тармақтың екiншi абзацындағы "тапсырысшы" деген сөзден кейiн "конкурс жеңiмпазына" деген сөздермен толықтырылсын;
     27) 72-тармақта:
     "25" саны "3" санымен ауыстырылсын;
     ", келiспеушiлiктер хаттамасын жасауға (егер ықтимал өнiм берушi шарттың кейбiр шарттарымен келiспесе) және оны тапсырысшыға қайтаруға" деген сөздер "немесе бар келiспеушiлiктер туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тартатыны туралы тапсырысшыны жазбаша хабардар етуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      28) 75-тармақтағы "жасалуы мүмкiн" деген сөздер "жасалады" деген сөзбен ауыстырылсын;
      29) 76-тармақтағы ", келiспеушiлiктер хаттамасын жасауға (егер ықтимал өнiм берушi шарттың кейбiр шарттарымен келiспесе) және оны тапсырысшыға қайтаруға" деген сөздер "немесе бар келiспеушiлiктер туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тартатыны туралы тапсырысшыны жазбаша хабардар етуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
     30) 82-баптың 3) абзацындағы "қосымшаға" деген сөз қазақша мәтiнiнде дұрыс жазылған;
     31) 91-тармақтың 2) тармақшасындағы "болып табылатын" деген сөздер "қажет болғанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
     32) 94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "94. Кез келген ықтимал өнiм берушi конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, түпкiлiктi конкурстық өтiнiмдi ұсынбауға құқылы.";
     33) 106-тармақтағы "Енгiзудiң" деген сөз "Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзудiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
     34) 114-тармақтағы "бастапқы баға белгiленуi мүмкiн" деген сөздер "баға конкурстық құжаттамада көрсетiледi" деген сөздермен ауыстырылсын;
     35) 118-тармақтың екiншi абзацының 1) тармақшасы "және де мұндай iс-әрекеттер белгiленген тәртiппен сот арқылы расталған жағдайда;" деген сөздермен толықтырылсын;
     36) көрсетiлген Нұсқаулыққа 8-қосымшада:
     алтыншы абзацтағы "сатып алу" деген сөздер "алу" деген сөзбен ауыстырылсын;
     жетiншi абзац алынып тасталсын;
     37) көрсетiлген Нұсқаулыққа 9-қосымшада:
     төртiншi абзацтағы "әрбiр конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудiң" деген сөздер "конкурстық өтiнiмдi құрайтын құжаттардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының 1-тармағының 12)-тармақшасының күшi осы қаулы күшiне енген күнге дейiн өткiзiлетiнi туралы хабарландырулар (құлақтандыру) жарияланған (жiберiлген) конкурстарға қолданылмайды.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға жатады.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі