Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 2 қыркүйек N 1292

Жаңартылған

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын одан әрі іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртібі туралы Нұсқаулық қосымшаларымен бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтарды есепке алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 маусымдағы N 451 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 21, 258-құжат);
      2) "Тұрғын үй-жайды жалдаудың үлгі шарты мен тұрғын үй-жайды жалға берудің үлгі шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 маусымдағы N 452 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 21, 259-құжат).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                     Қазақстан Республикасы Үкiметiнің
                                    1999 жылғы 2 қыркүйектегі
                                        N 1292 қаулысымен
                                               бекітілген

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртібi туралы
Нұсқаулық

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртiбi туралы Нұсқаулық "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын дәйекті iске асыру мақсатында әзiрлендi.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы нұсқаулықтың әрекетi мемлекеттiк меншiк құқығына жататын және жергiлiктi атқарушы органдардың қарауындағы (мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қоры), не мемлекеттік кәсiпорынның қарауындағы (мемлекеттік кәсiпорынның тұрғын үй қоры) үй-жайларға қолданылады.
      2. Осы нұсқаулықтың әрекетi маусымдық және уақытша тұратын құрылыс-жайларына, бау-бақша және аңшылық үйлерiне, туристік базаларға, мотельдерге, кемпингтерге, қонақ үйлерге, демалыс үйлеріне, санаторийлерге, пансионаттарға, интернаттарға қолданылмайды.
      3. Мемлекеттік меншiк нысанына жататын тұрғын үйлер мен үй-жайларда мемлекет меншiк иелерiнiң бiрi ретiнде, жергiлiктi атқарушы орган немесе мемлекеттiк кәсiпорын атынан кондоминиумге қатысушы және кондоминиум объектiсiн бiрлесiп басқару үшiн бекiтілген меншiк иелерi бiрлестiгiнiң мүшесi болып табылады.
      Мемлекет, меншiк иелерiнiң бiрi ретінде, Жалдаушыға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды кондоминиум объектiлерiн басқаруға қатысу жөнiндегi өзiнiң құқықтарын бере алады. Бұл ретте Жалдаушы мемлекеттiк тұрғын үй қорының үйлерiндегi үй-жайды пайдаланғаны үшiн төлемдерден басқа, жалпы мүлiкті ұстау және пайдалану жөнiндегi жалпы шығыстарға олардың үлес көлемi шамасында қатысады, олардың мөлшерін кондоминиум объектісiн басқарушы орган белгiлейдi.
      Жалдаушыға кондоминиум объектісін басқаруға қатысу құқығын беру қала (аудан) әкiмiнiң не мемлекеттік кәсiпорын басшысының шешiмiмен ресiмделедi.

2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай берудің нормасы

       4. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының үй-жайлары азаматтардың тұрақты тұруы үшiн арналады және ақаусыз күйде болуы, белгiленген техникалық, санитариялық және басқа міндетті талаптарға сай болуы тиiс.
      5. Мемлекеттік немесе әскери қызметте емес, сондай-ақ бюджеттік ұйымдарда (мекемелерде) жұмыс істемейтін аз қамтылған әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлердегi пәтерлердің және жатақханалардағы үй-жайлардың тұрғын алаңының нормасын жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi және отбасының әр мүшесiне (немесе жеке азаматқа) алты шарты метрден кем емес тұрғын алаңынан келуi тиіс.

3. Мемлекеттік үй-жай беру

       6. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай баспанаға мұқтаж азаматтарға Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарында белгiленген тәртiпте жалға берiледi.
      Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан үй-жайды меншiкке сатып алу (жекешелендiру), не оны ауыстыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiзде және тәртіпте жүзеге асырылады.
      7. Yй-жайға мұқтаж азаматтарды есепке алу тұрған жерi бойынша жергілiктi атқарушы органда не жұмыс орны бойынша мемлекеттiк кәсіпорында жүзеге асырылады.
      Yй-жайға мұқтаждар есебiне қою үшiн азаматтар жергiлiктi органдарға не мемлекеттік кәсiпорын әкiмшiлiгiне:
      атқарушы органдар мен мемлекеттік кәсіпорындар әкiмшілiктерi белгiлейтін нысан бойынша есепке қою туралы өтініш;
      азаматтарды тiркеу кiтабын, қажет болса өтiнушi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жергiлікті атқарушы органдардың басқа адамдарды отбасының мүшесi деп тану туралы анықтамасын табыс етедi;
       2-қосымшаға сәйкес (өтінушiнiң және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншiк құқында оларға тиесiлі үй-жайдың жоқтығы туралы) анықтаманы;
      әлеуметтiк қорғау органының өтінушi (отбасы) әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға жататынын растайтын анықтамасын, не мемлекеттiк қызмет иесінің, бюджеттік ұйым қызметкерiнің, әскери қызметшінiң жұмыс (қызмет) орнынан анықтамасын тапсырады.
      Қажет болса өтiнушi сондай-ақ отбасында қосымша тұрғын бөлмеге құқылы ауыр сырқат түрiмен ауыратын адам бары туралы мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемесiнiң анықтамасын тапсырады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.07.21. N 761 (2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен .
      8. Атқарушы органдар мен мемлекеттiк кәсіпорындар жанынан тұрғын үй комиссиялары құрылады. Олардың құзыретіне: үй-жайды беру кезегін белгiлеу айрықша жағдайларда, басқа адамдарды тұрғын жай иесiнiң отбасы мүшесi деп тану жатады.
      9. Мемлекеттік үй-жайды беру тұрғын үй комиссияларының шешiмдерi негiзiнде жергiлiкті атқарушы органның ие мемлекеттiк кәсiпорындар әкiмшiлiктерiнiң шешiмiмен ресiмделедi.
      Шешiм 3-қосымшаға сәйкес екi данада жасалады, олардың бiрi жергіліктi атқарушы органда сақталады, ал екіншiсi өтiнушiге берiледi және мемлекеттік үй-жайға қоныстану құқығын беретін бiрден-бiр құжат болып табылады. Мемлекеттік үй-жай беру туралы мемлекеттік кәсiпорын әкiмшiлігінің шешімі 3 данада жасалады, олардың бiреуi мемлекеттiк кәсiпорынның әкiмшілігiнде сақталады, екіншісі жергілікті атқарушы органға беріліп, қатаң есеп құжаты ретінде сақталады, үшіншісi өтінушіге беріледі және мемлекеттік үй-жайға қоныстану құқығын беретін бірден-бір құжат болып табылады.

4. Мемлекеттік үй-жайды жалдау

      10. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан үй-жайды жалдаудың тәртiбi мен жағдайлары "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес анықталады және жалдау шартымен, 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жайды жалдау шартымен бекiтiледi.

5. Мемлекеттік тұрғын үй қорын техникалық пайдалану ережелері

      11. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының үйлерi iшiндегi инженерлiк жүйелердiң ұйымдастырылуы мен құрылыс конструкцияларының техникалық жағдайын бақылау және аумақтарды көркейту жалпы және iшiнара кезектi (кезектен тыс) байқаулар жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
      12. Ғимараттың немесе объектiнiң жағдайы туралы қорытындыланған мәлiметтер техникалық жағдайды есепке алу жөнiндегi құжаттарда (техникалық төлқұжатта) жыл сайын көрсетiлуi тиiс.
      13. Тұрғын үй қорының сақталуы техникалық пайдаланудың қолданылып жүрген ережелерi мен нормаларының талаптарын орындаумен және:
      ағымдағы және күрделi жөндеулердi;
      алдын ала шараларды, сондай-ақ ұсақ ақауларды және авариялық жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарды жүргiзумен қамтамасыз етiледi.
      14. Күрделi жөндеу кезіндегi барлық қолданылған конструкциялар мен тетіктердiң ақаулары жойылады, қалпына келтiрiледi немесе берiк және үнемдi бөлшектермен ауыстырылады. Қайта жаңартылған үйлердің сейсмикалық төзiмдiлігі арттырылады, пайдалану және сындарлық көрсеткiштерi жақсартылады.
      15. Ағымдық жөндеу кезiнде күрделi жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiлетiн кезге дейін құрылыс конструкцияларының, инженерлiк жүйелер мен жабдықтардың пайдалану көрсеткiштерiн қолдау мақсатында олардың жұмыс қабiлетi қалпына келтіріледi.
      16. Ұсақ ақаулар (инженерлiк жүйенiң тығынды құрылғыларынан су ағуы, канализация жолдарының бiтелiп қалуы) мүмкiндiгінше алдын ала байқаулар кезінде немесе тұрғындардың өтiніштерi бойынша кешiктірмей жойылуы тиіс. Авариялық жағдайларды жою дереу жүзеге асырылады.
      17. Тұрғын ғимараттарға жөндеу жүргiзудiң мерзiмiн зерттеулер нәтижелерiнiң және тиiстi актiлердің негiзiнде тұрғын үй-пайдалану ұйымы анықтайды.

6. Тұрғын үй қорын пайдалану жөніндегі қызметтер

       18. Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуы мен оның лайықты пайдаланылуын, сондай-ақ азаматтардың үй-жайды және iргелес аумақты пайдалану ережелерiн сақтауын бақылауды қамтамасыз ету үшiн әр қалада (ауданда) белгiленген тәртiппен тұрғын үй-пайдалану қызметтерi құрылады немесе таратылады. Мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорындағы аталған қызметтер қызметкерлерiнің санын жергiлiкті атқарушы органдар, мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қорында - тұрғын үй қорының сындарлық элементтерiне, инженерлiк жабдықтары мен жүйелеріне қызмет көрсетудің белгiленген нормативтерiн ескере отырып, кәсiпорындардың әкiмшiлiктерi белгілейдi.
      Тұрғын үй қорын пайдалану жөніндегi буындардың қызметі шарттық негiзде жүзеге асырылады.
      19. Қызметтер жергiліктi атқарушы органдардың, не мемлекеттiк тұрғын үй қорын пайдалану мәселелерiмен айналысатын мемлекеттiк кәсiпорындар әкiмшiлiктерінiң (одан әрi тұрғын үйлердi пайдалану қызметтерi) атынан қордың сақталуына және оның ақаусыз күйде ұсталуына жауап бередi.
      20. Тұрғын үйлердi пайдалану қызметтерi:
      тұрғын үйлер мен тұрғын жайларға орналастыру, не оларды босату кезінде заңдармен белгiленген нормалар мен мерзiмдердiң сақталуын;
      ведомстволық тұрғын үй қорының алғаш есепке алынуын, оның тiркелуi мен техникалық түгенделуін;
      тұрғындардың мемлекеттiк үй-жайларды пайдалану, тұрғын үйді және үймен iргелес аумақты ұстау, өздерi тұрған жайларды не ортақ мүлiктiң жекелеген бөлiктерiн қайта жабдықтау және қайта жайғау ережелерін сақтауын;
      үй-жайларды айырбастаудың және сақтап қою ережелерінiң сақталуын;
      жергіліктi атқарушы орган құрған комиссияның құрамында мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорына берiлетiн жеке меншiктi немесе ведомстволық үй-жайлардың балансқа қабылдануын қамтамасыз етедi.
      21. Тұрғын үйлердi пайдалану қызметтерi қорды сақтау мақсатында:
      Тұрғын үйлердi техникалық тексерудi, ағымдағы және күрделi жөндеуді уақытында жүргiзуге мiндеттi. Күрделi және ағымдағы жөндеу үшін тұрғын үйлердi iрiктеп алу олардың техникалық жағдайына қарай жүзеге асырылады, осы мақсатта:
      құрылыс конструкциялары мен инженерлік жүйелердi жоспарлы (кезектi) және кезектен тыс байқауды жыл сайын жүргiзуге;
      конструкциялардың, құбыр желілерi мен жабдықтардың одан әрi жарамдылығы (жарамсыздығы) туралы шешiмдер қабылдауға;
      авариялық, тозығы жеткен үйлердің, сондай-ақ тұрғын ғимараттардың сейсмикалық төзімділігін зерттеу үшін мамандандырылған ұйымдарды тартуға;
      жаңа салынған не күрделі жөндеуден өткізілген тұрғын үйлерді пайдалануға бергеннен (өткізгеннен) кейінгі кепілдік мерзім ішінде анықталған ақауларды жоюды қамтамасыз етуге;
      жабдықтар мен құрылғылардың іркіліссіз жұмыс істеуін, инженерлік қамтамасыз етудің диспетчерлік және авариялық қызметтерімен шарттардың уақытында жасалуын қамтамасыз етуге;
      ғимараттарды, жабдықтар мен коммуналдық торапты ұстау және жөндеу атқарушыларды конкурстық негізде іріктеп алуды жүргізуге;
      Жалдаушылардың коммуналдық қызметтерді тұтынудың есебін жүргізуге, жеке (әр пәтерге) есептеу-реттеу құралдарын орнатуға;
      тұрғын үйлерді қыс кезінде пайдалануға жыл сайын дайындауды жүргізуге міндетті.

                                   Қазақстан Республикасының
                                  мемлекеттік тұрғын үй қорынан
                                    үй-жай беру, жалдау және
                                   пайдалану тәртібі туралы
                                    нұсқаулыққа N 1 қосымша
                                          N 3 нысан

          Отбасы құрамы және тұрған жері туралы
                       Анықтама

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.07.21. N 761 (2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен .

                                    Қазақстан Республикасының
                                  мемлекеттік тұрғын үй қорынан
                                    үй-жай беру, жалдау және
                                   пайдалану тәртібі туралы
                                    нұсқаулыққа N 2 қосымша
 
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі
         комитетінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі комитеті    

                            N___Анықтама

      Азамат(ша)_____________________________________________
                        (тегі, аты, әкесінің аты)
 
атына меншік құқындағы үй-жай тіркелген, тіркелмеген ___________
                                                (қажетсізі сызылады)
____________________________________________________________________
            (меншік құқына жататын үй-жайдың мекен-жайы)

____________________________________________________________________
     ____________________________________________________________________
     ____________________________________________________________________

      Анықтама талап етуші орынға берілді

      Директор _________________________
                       (қолы)

                                               м.о.

                                    Қазақстан Республикасының
                                  мемлекеттік тұрғын үй қорынан
                                    үй-жай беру, жалдау және
                                    пайдалану тәртібі туралы
                                     нұсқаулыққа N 3 қосымша
                                         Шешім нысаны

________________________________________________________________
________________________________________________________________
            (жергілікті атқарушы органның, ұйымның аты)

                 Тұрғын үй-жайды бөлу туралы шешім
                        N____сериясы________

_________________________________________________________________
                       (тегі, аты, әкесінің аты)

      отбасында ______ адамы бар, _______ бөлмеден тұратын, пайдалы
алаңы,
      _______ шаршы метр, соның ішінде ________ тұрғын алаңы бар
 
үй-жайға қоныстану құқығы берілді.

      Қоныстанушылар саны _____ адам.
      Үй-жайдың мекен-жайы ____________________________________
_______________________________________________________________
     Рет                  Тегі, аты, әкесінің аты
     саны
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      Қолдары:
 

          Басшы      ________________
                        м.о.

      Ұйым басшысы ______________  м.о.
 
 
 

                                     Қазақстан Республикасының
                                 мемлекеттік тұрғын үй қорынан
                                  үй-жайды беру, жалдау және
                                   пайдалану тәртібі туралы
                                   нұсқаулыққа N 4 қосымша
 
                                                     Шарт
                                                   нысаны

         Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жайды жалдау
                           Шарты
 
     _______________                       
     (елді мекен)                        "___"  ____________  жыл

     Жалға беруші________________________________________________
                    (жергілікті атқарушы орган немесе
     ____________________________________________________________
                    ол уәкілеттік берген орган, ұйым)
     ______________________________________________________атынан

     азамат______________________________________________________
                      (тегі, аты-жөні)

      бұдан былай Жалдаушы, төмендегілер туралы осы шартты жасадық:

                         1. Шарттың нысанасы

      1. Жалға беруші Жалдаушыға және отбасының мүшелеріне,
сипаттамасы үй-жайды өткізу актісінде көрсетілген, пайдалы алаңы
_________шаршы метр, мекен-жайы:___________________________________
 
N___үй,___ корпус N, пәтерді жалға пайдалануға береді.

      2. Мемлекеттік үй-жайды (пәтерді) жалдау, оны ұстау,
коммуналдық және басқа қызмет көрсетулер үшін белгіленген тарифтер,
сондай-ақ Жалдаушының ай сайынғы төлем мөлшері Жалға беруші
ұсынатын төлем құжаттарында келтірілуі керек.

                      2. Тараптардың құқықтары

      3. Жалға берушінің:
      1) берілген үй-жайда пәтерде тұратын Жалдаушыдан және оның
отбасы мүшелерінен үй-жайды пайдалану, тұрғын үйлер мен үй
жанындағы аумақты ұстау ережелерін сақтауды талап етуге;
      2) Келісім бойынша және Жалдаушының немесе отбасының
кәмелеттік жасқа толған мүшесінің қатысуымен, берілген үй-жайдың
және қосалқы бөлмелердің конструкциялары мен техникалық
құрылғыларының жай-күйін тексеріп шығуға құқығы бар.
      4. Жалдаушы:
      1) өзі тұратын үй-жайға (пәтерге) қолданылып жүрген заңдарға
сәйкес отбасы мүшелері мен басқа да адамдарды тұрғызуға;
      2) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес қосалқы жалдау шарттарын жасасуға;
      3) өзі және отбасы мүшелері болмаған кезде тұрғын үй
заңдарында көзделген негіздер бойынша үй-жайды (пәтерді) пайдалану
құқығын өзінде сақтауға;
      4) қажет болған жағдайда Жалға берушіден, пайдалануға
берілген үй-жайдың (пәтердің), оның ішінде конструкциялар мен
техникалық құрылғылардың жай-күйін тексеру актісін жасай отырып,
жоспардан тыс тексеріп шығуды талап етуге;
      5) Жалға беруші міндеттерін орындамаған жағдайда, не
тарифтердің асырып жіберілгені байқалған жағдайда қызмет көрсету,
үйді жөндеу және тұрғын-үй коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді
қайта есептеуді талап етуге құқығы бар.

                    3. Тараптардың міндеттері

      5. Жалға беруші:  
      1) үй-жайды (пәтерді) Жалдаушыға техникалық, санитарлық және
басқа міндетті талаптарға жауап беретін жағдайда тапсыруға;
      2) жалға берілген үй-жайды (пәтерді) және техникалық
құрылғыларды, тұрғын үйлер мен үй жанындағы аумақты пайдалану мен
ұстаудың белгіленген талаптары мен ережелеріне сәйкес ұстауды
жүзеге асыруға;
      3) осы елді мекеннің жағдайында қолданылатын барлық тұрғын
үй-коммуналдық қызмет түрлерімен қамтамасыз етуге;
      4) жалдаушының талабы бойынша үй-жайды күту және коммуналды
қызмет тарифтерімен және есептемелерімен оны таныстыруға міндетті.
      6. Жалдаушы:
      1) егер осы шарттың айрықша ережелерінде өзгеше айтылмаса,
үй-жайды мақсат бойынша пайдалануға;
      2) тұрғын жайларды пайдаланудың, тұрғын үй және үй жанындағы
аумақты ұстаудың белгіленген ережелерін сақтауға;
      3) жалға берілген үй-жайда байқалған ақауларды Жалға берушіге
дер кезінде хабарлауға;
      4) төлем айынан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей
белгіленген мөлшерде үй-жайды жалдағаны, үй-жайды ұстау мен
коммуналдық және басқа қызметтерді тұтынғаны үшін төлем жасауға
міндетті.

                  4. Тараптардың жауапкершілігі

      7. Жалға беруші осы шартта көзделген міндеттерін орындамауы
салдарынан жалдаушыға келтірілген материалдық шығынды Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтейді.
      Жалға беруші шығындарды өтеуден бас тартқан жағдайда дау сот
тәртібімен шешіледі.
      8. Жалдаушы осы Шартта көзделген міндеттерін орындамау
салдарынан Жалға берушіге келтірілген материалдық шығынды Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтейді.    

                           5. Жалпы талаптар

      9. Осы Шарт "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан
Республикасының Заңында және осы Шартта көзделген, жағдайлар болған
кезде және тәртіппен екі жақтың кез келгенінің бастамасымен бұзылуы
мүмкін.
      10. Осы Шартты атқару барысында тараптар арасында пайда
болған даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен шешіледі.
      11. Осы Шарт күші бірдей екі данада жасалады және Жалға
беруші мен Жалдаушыда сақталады.
      12. Берілетін үй-жайдың Жалдаушыға өткізу актісі жалдау
Шартының ажыратылмас бөлігі болып табылады.

                           6. Ерекше жағдайы    

      13. Жалдаушы Жалға берушінің келісімімен шарттың мынадай
ерекше жағдайларын ескертеді:
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
     ______________________________________________________________
 

                    7. Шарттың қолданылуы мерзімі

      14. Осы Шарт________ жылдың "___"__________________________
дейін жасалды;
      15. Егер Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір айда
Жалға беруші Шартты бұзу жөнінде жазбаша хабарламаса, онда шарт
келесі мерзімге ұзартылды деп есептеледі.

         Жалға беруші                Жалдаушы
       ______________              _________________
          (қолы)                       (қолы)    

        м.о.                                    м.о.