Абай атындағы Мемлекеттiк академиялық опера және балет театрының ғимаратын қайта жаңарту мақсатында (бұдан әрi - жоба) Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Жобаны iске асыру үшiн мемлекеттiң кепiлдiгiмен берiлген тартылатын мемлекеттiк емес сыртқы заем бойынша "Алматы қаласы әкiмi аппаратының күрделi құрылыс кәсiпорны" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - заем алушы) заем алушы болып белгiленсiн.
2. Заем алушыға жылдығы ЛИБОР+4,5 проценттен аспайтын сыйақы ставкасымен 10 000 000 (он миллион) АҚШ долларынан аспайтын сомадағы көрсетiлген заемды тарту ұсынылсын.
3. Заем алушы:
"Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес мемлекеттiң кепiлдiгiмен тартылатын мемлекеттiк емес сыртқы заем бойынша заем алушы ретiнде әрекет ететiн тұлғаларға қойылатын талаптардың орындалуын;
берiлетін мемлекеттiк кепiлдiк сомасының 0,2 процентi мөлшерiндегi алдын ала бiр жолғы төлемдi;
көрсетiлген заем қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
1) тартылатын заемның қаржылық жағдайларын сараптауды жүзеге асырсын;
2) заңдарда белгiленген тәртiппен "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекiтiлген мемлекеттiк кепiлдiктер беру лимитi шеңберiнде мемлекеттiк кепiлдiк берсiн;
3) заем алушымен және Алматы қаласының әкiмiмен, көрсетiлген мемлекеттiк кепiлдiктi беруге байланысты туындайтын, олардың міндеттемелерiн қамтамасыз ету туралы келiсiмдер жасассын. Жасалатын келiсiмде Алматы қаласы мәслихатының тиiстi рұқсатын бере отырып, көрсетiлген заемды өтеу және оған қызмет көрсету үшiн 2000 жылдан бастап жергiлiктi бюджетке қаражат енгізу жөнiнде жергiлiктi атқарушы органның мiндеттемесiн қарастырсын;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң келiсiмi бойынша екiншi
деңгейдегi банкке тартылатын заемға қызмет көрсетуге уәкiлеттiк берсiн;
5) көрсетілген заемды тарту, өтеу және оған қызмет көрсету
мониторингiн қамтамасыз етсiн;
6) заем қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.14. N 573
қаулысымен.
5.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.12.30. N 1963
қаулысымен.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары - Е.Ә. Өтембаевқа жүктелсiн.
ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.14. N 573
қаулысымен.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.