Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1253 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) "Алтын белгi" белгiсi туралы ереже;
2) "Алтын белгi" белгiсiнiң сипаттамасы бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын.
1) "Жалпы бiлiм беретiн орта мектептi бiтiрушiлерге арналған кеудеге тағатын "Алтын белгi" белгiсi мен ерекше үлгiдегi аттестат туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 1146
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 33, 308-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi N 1146 қаулысымен бекiтілген жалпы бiлiм беретiн орта мектептi бiтiрушiлерге арналған кеудеге тағатын "Алтын белгi" белгiсi мен ерекше үлгiдегi аттестат туралы ереженiң 1 тармағын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 қыркүйектегi N 968
қаулысы
.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыру үшiн бөлiнетiн қаржының шегінде "Алтын белгi" белгiсiнiң қажетті санын дайындасын. <*>
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.04.16. N 428
қаулысымен
.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1999 жылғы 23 тамыздағы
N 219 қаулысымен
бекiтiлген
"Алтын белгі" белгiсi туралы ереже
1. Осы Ереже "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
2. "Алтын белгi" белгiсiмен мына талаптардың жиынтығына сәйкес келген жағдайда:
1) үлгiлi мiнез-құлық көрсеткен және мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарына сәйкес оқу жоспарының барлық пәндерi бойынша оқу кезеңiнде орта бiлiмнiң негiзгi және жоғары сатыларында "5" деген жылдық қорытынды бағалары бар;
2) жалпы орта білiм курсы үшiн мемлекеттiк қорытынды аттестаттаудан өте жақсы деген бағамен мараппатталады;
3) <*>
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.04.16. N 428
қаулысымен
.
3. "Алтын белгi" белгiсiмен оқушылар облыстар, Астана және Алматы қалалары бiлiм басқармаларының (департаменттерiнiң) марапаттауға ұсынылатын оқушының осы Ереженiң талаптарына сай екендiгiн растайтын құжаттары қоса берiлген ұсыныстарының негiзiнде Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органының бұйрық шығаруы жолымен марапатталады.
4. "Алтын белгi" белгiсiмен марапаттау салтанатты жағдайда өткiзiледi.
5. "Алтын белгі" белгісiмен марапатталған оқушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк білiм беру гранттарын (гранттар болмаған жағдайда кредиттердi) алуға басым құқығы бap.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.02.04. N 107
қаулысымен
.
6. Заңдарда белгіленген тәртіппен таңдаған жағдайда "Алтын белгі" белгісімен марапатталғандарға:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім беру гранты Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары үшін көзделген мөлшерде беріледі;
2) "Алтын белгі" белгісімен марапатталушы Қазақстан Республикасының денсаулық жағдайы бойынша арнайы талаптар көзделген жоғары оқу орындарына, денсаулығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген арнайы талаптарға сәйкес келген жағдайда ғана қабылдана алады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.04. N 107
қаулысымен
.
7. Осы Ереже меншік үлгісіне, түріне, нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, белгіленген тәртіппен жалпы орта білім беру бағдарламасын іске асыратын барлық білім ұйымдарының оқушыларына қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1999 жылғы 23 тамыздағы
N 1219 қаулысымен
бекiтiлген
"Алтын белгі" белгісiнiң сипаттамасы
Ескерту. Сипаттама жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.02.04. N 107 қаулысымен .
"Алтын белгi" белгiсiнiң диаметрi 30 мм шеңбер болады, Л-80 мыс және мырыш металдарының арнайы қорытпасынан дайындалады.
Белгiнiң бет жағында астынан лавр бұтағымен көмкерiлген ашық кiтап бейнеленген. Осы бейненiң үстіңгi жағында "Алтын белгі" деген алтынмен жазылған жазу шығыңқырап тұрады. "Алтын белгi" жазба контуры, ашық кiтап және лавр бұтағының бейнелерi бедер түрiнде
1 мм алға шығыңқырап тұрады.
Белгiнiң артқы жағында "Қазақстан Республикасы" деген жазумен көмкерілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген.