Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20. N 171 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Өскемен қаласының Қазақ соқырлар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорны коммуналдық қызмет көрсетулерін есептеу аспаптарын әзірлеу үшін "Данфос" дат фирмасынан түсетін шығысөлшеуіштерге (ТМД СЭҚ ТН коды - 902610510), басқа да бөліктері мен керек-жарақтарына (ТМД СЭҚ ТН коды - 902690900), сынақ стендттеріне (ТМД СЭҚ ТН коды - 903120000) кеден бажын төлеуден босатылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетіне жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі