ЕСКЕРТУ. Қаулының мәтіні және қосымшасы сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.27. N 1270 қаулысымен .
1999 жылдың астық жинау науқанын жүргiзудi қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасы "Атқару өндiрiсi және соттардың мәртебесi туралы" Заңының 44-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Ақмола, Алматы, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi бiр апта мерзiмде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң "Кең дала акционерлiк қоғамына азаматтық iс жөнiндегі талап-арызы бойынша 1999 жылдың 9 тамызында Алматы қалалық соты айқындауының негiзiнде тұтқындалған 630 (алты жүз отыз) "Джон-Дир" астық жинау комбайндарын (сондай-ақ жаткалары, подборщиктері және оның ілеспе материалдары) қосымшаға сәйкес схема бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен сақтауға қабылдауды қамтамасыз етсiн;<*>
сақтау шартында тұтқындалған мүлiктердi сақтау және сақтауда тұрған астық жинау комбайндарын (сондай-ақ жаткалары, подборщиктері және оның ілеспе материалдары) құндылығына залал келтiрмей 1999 жылғы астық жинау науқанында, оның iшiнде аталған облыстардың жеке және заңды тұлғаларына қызмет көрсету жолымен пайдалану құқығы үшiн өздерiнiң жауапкершiлiгі туралы жағдайларды қарастырсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен келiсе отырып, 1999 жылғы 16 тамыздағы азаматтық iс бойынша Алматы қалалық сотының шешiмiн атқару бойынша атқару өндiрiсi аяқталған соң және осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген "Джон Дир" астық жинау комбайндарының (сондай-ақ жаткалары, подборщиктері және оның ілеспе материалдары) меншiк құқығын алу кезiнде олар бір жиынтық үшін 75000 (жетпіс бес мың) АҚШ долларына барабар бағамен, тауар түріндегі несие ретінде 7 (жеті) жыл мерзімге және 1 (бір) процент жылдық сыйақы (мүдде) ставкасымен "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамына берілсін, оған:
комбайндарды заңдарда белгіленген тәртiппен жоғарыда аталған облыстардың әкiмдерiне осы облыстардың жергiлiктi бюджеттерiнiң лимиттерi шегiнде жетi жыл мерзiмге лизинг берудi қамтамасыз етсiн;<*>
банк кепiлдемесi болған кезiнде жоғарыда көрсетiлген облыс әкiмдерi талап етпеген астық жинау комбайндарын (сондай-ақ жаткалары, подборщиктері және оның ілеспе материалдары), осы әкiмдердiң ұсынымдарымен заңды тұлғаларға заңдарда белгiленген тәртiппен лизингке беру үшiн пайдалансын. <*>
Джон Дир" астық жинау комбайндары лизингке талап етілмеген жағдайда, "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамы көрсетілген комбайндармен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қызмет көрсетуді ақылы түрде жүргізсін. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 1966
қаулысымен
.
2-1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп 2000 жылдың 20 қаңтарына дейін мерзімде республикалық бюджеттің "Кең дала" ашық акционерлік қоғамы үшін шеккен шығындарын өтеу тетігі жөнінде ұсыныстар енгізсін.<*>
ЕСКЕРТУ. Жаңа 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 1966
қаулысымен
.
2-2. "Джон Дир" астық жинау комбайндарының құны десте жинауышсыз 70 000(жетпіс мың) АҚШ долларына барабар деп белгіленсін.<*>
ЕСКЕРТУ. Жаңа 2-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.12.23. N 1966
қаулысымен
.
3.Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қаржы министрі О.Ә.Жандосовқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1999жылғы 19 тамыздағы
N 1203 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң "Кең дала"
акционерлiк қоғамына талап-арызы бойынша азаматтық iс жөнiнде
1999 жылдың 9 тамызында Алматы қалалық соты шығарған
айқындаманың негізiнде тұтқындалған "Джон-Дир" астық жинау
комбайндарын (сондай-ақ жаткалары, подборщиктері және
оның ілеспе материалдары) сақтауға берудiң
Схемасы
1. Облыстардың әкiмдерi "Джон-Дир" астық жинау комбайндарын (сондай-ақ жаткалары, подборщиктері және оның ілеспе материалдары) сақтауға мынадай санда қабылдайды:
Ақмола облысының әкiмi - 110 (жүз он) комбайн;
Алматы облысының әкiмi - 15 (он бес) комбайн;
Қостанай облысының әкiмi - 237 (екi жүз отыз жетi) комбайн;
Солтүстiк-Қазақстан облысының әкiмi - 268 (екi жүз алпыс сегiз) комбайн;
2. 1-тармақты орындау үшiн орналасқан аумақтан:
Алматы облысынан 55 (елу бес) "Джон-Дир" астық жинау комбайнынан (сондай-ақ жаткалары, подборщиктері және оның ілеспе материалдары) 40 (қырық) комбайн Ақмола облысына берiледi.
Солтүстiк Қазақстан облысынан 298 (екi жүз тоқсан сегiз) "Джон-Дир" астық жинау комбайнынан (сондай-ақ жаткалары, подборщиктері және оның ілеспе материалдары) 30 (отыз) комбайн Қостанай облысына берiледi.