Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Шаруашылық басқармасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыратын орган болып белгіленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң қызметтiк ғимараттарын пайдалану мен шаруашылық қызмет көрсетуге байланысты қызметтi жүзеге асыру - Кәсiпорын қызметiнiң негiзгі нысанасы болып табылады деп белгiленсiн.
4. Уәкiлеттi орган заңдарда белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде:
1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн;
2) Кәсiпорынның жарғылық капиталын қалыптастырсын;
3) Кәсiпорынның әдiлет органдарына мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
5. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 226-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк
кәсiпорындардың тiзбесi реттiк нөмiрi 509 мынадай мазмұндағы бөлiммен
және жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi
509. "Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Астана қаласы"
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.