Мұнай өңдеу саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер көрсететін қызметтердің жекелеген түрлеріне бағаларды мемлекеттік реттеу жөніндегі жекелеген мәселелер <*> ЕСКЕРТУ. Қаулының атауы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.13. N 567 қаулысымен. ~P000567

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 16 тамыз N 1160

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының Z952688_ 9-бабының 7-тармақшасына және "Бәсекелестiктi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес, сондай-ақ тұтынушылар мүддесiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
     1. Мұнай өңдеу саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерге мемлекеттік реттеу шаралары қолданылады деп белгіленсін. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.09.18. N 1413
               қаулысымен. P991413_
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.04.13.
               N 567 қаулысымен. P000567_
      2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және

бәсекенi қорғау жөнiндегі агенттiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен
бiрлесiп заңдарда белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында 
көрсетiлген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің қызметiн мемлекеттiк 
реттеудi қамтамасыз етсiн.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.09.18. N 1413
              қаулысымен.  

P991413_

  
     
     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының 
        Премьер-Министрі

     Оқығандар:
     Қобдалиева Н.
     Омарбекова А.