Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 13 тамыз N 1158. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.15. N 232 қаулысымен. ~P010232

Күшін жойған
      "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы N 347 P990347_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны

қорғау министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің 
құрылымы бекітілсін.
     2. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар 
министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті туралы 
ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 
желтоқсандағы N 1785  

P971785_

  қаулысының (Қазақстан Республикасының 
ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 55, 503-құжат) күші жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
                                          Қазақстан Республикасы
                                               Үкіметiнiң
                                         1999 жылғы 13 тамыздағы
                                             N 1158 қаулысымен
                                               бекiтiлген
     
     Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау
      министрлiгiнің Геология және жер қойнауын қорғау комитетi туралы
                            Ереже
     
                      1. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң құзыретi шегiнде жер қойнауын геологиялық зерделеумен, қорғау, пайдалану саласында арнаулы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ жер қойнауын қорғау саласында ведомствоаралық үйлестірудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
      Комитеттiң аймақтық органдары мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы: Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан, Орталық Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан аумақтық жер қойнауын қорғау және пайдалану басқармалары бар. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.15. N 245
               қаулысымен. P000245_
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет Мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кiредi.
      Комитеттiң, егер заңдарға сәйкес оған уәкілеттiк берілсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады.
      5. Комитеттің құрылымы мен шектi штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
      475000, Көкшетау қаласы, Қ.Сәтбаев көшесi, 1. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.25. N 793
               қаулысымен. P000793_
      7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
      8. Осы ереже Комитеттiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
      9. Комитеттің қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен оның өз функцияларына жататын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға кiруге тыйым салынады.
      Егер Комитетке заң актiлерiмен кiрiстер әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударылады.

     2. Комитеттiң функциялары, негiзгi мiндеттерi және құқықтары

      10. Комитеттiң негізгі мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, қорғау және пайдалану жөнiндегi қатынастарды мемлекеттік реттеу;
      2) жер қойнауын қорғауды тұрақты жақсартуды және оны теңгерiмдi пайдалануды қамтамасыз ету;
      3) мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық ресурстарды ұтымды және кешендi және жер қойнауын қорғау бағдарламаларының негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      4) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын қорғау туралы заңдарды және жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртiбiн сақтауын бақылауды қамтамасыз ету.
      11. Комитет заңдарда белгiленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) жер қойнауын ұтымды пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргізеді және мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      2) жер қойнауын пайдаланудың экономикалық тетiгiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзеді;
      2-1) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге жер қойнауын пайдалану құқығын береді. <*>
      3) жер қойнауының және жер қойнауын пайдаланудың мониторингін жүзеге асыру жөнiндегі жұмысты ұйымдастырады;
      4) жер қойнауы туралы республикалық және аумақтық геологиялық ақпарат қорларының жұмыс iстеуiн ұйымдастырады және бақылайды;
      5) жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы сандық ақпараттың бiрыңғай жүйесiн тиiмдi пайдалануды ұйымдастырады;
      6) республикалық және аумақтық геологиялық бағдарламалар әзiрлеудi ұйымдастырады және орындалу барысын бақылайды;
      7) мемлекеттiк қажеттiлiктер үшін жүргізiлетiн, оған ғылыми-зерттеу тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарын қоса және геологиялық зерттеулер жүргiзуге мемлекеттік тапсырысшы функцияларын жүзеге асырады;
      8) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, жер қойнауының мониторингi, жер қойнауын қорғау және басқа мақсаттарды жүзеге асыруға қажет мемлекеттiк бюджет қаржысының көлемiн негіздейдi;
      9) геологиялық, геофизикалық, геоэкологиялық, геохимиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық мазмұндағы мемлекеттік карталарды жасау, шығару жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
      10) пайдалы қазбалардың қорларына, пайдалануға берiлетiн жер қойнауы учаскелерi туралы геологиялық және экономикалық ақпаратқа, жер қойнауын геологиялық зерделеу жөнiндегi жұмыстарды жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттамаларға мемлекеттік сараптама ұйымдастырады;
      11) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын, кен орындары мен пайдалы қазбалар көрiнiстерiнiң, зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттiк кадастрын жасауды және жүргiзудi ұйымдастырады,

қорларды мемлекеттiк балансқа қоюдың, сондай-ақ оларды есептен 
шығарудың тәртiбiн белгiлейдi;
     12) жер қойнаулары туралы геологиялық ақпаратты алудың тәртiбi
мен шарттарын белгiлейдi;
     13) пайдалы қазбалар кен орындарын ашуға байланысты мәселелердi 
қарайды;
     14) өз қызметiнің аясында заңдарды қолданудың практикасын 
талдайды және қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныс әзiрлейдi, заң
және өзге де нормативтiк актiлердің жобаларын дайындауға қатысады;
     15) халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесiн
бiлдiредi, халықаралық шарттар мен келiсiмдердің жобаларын дайындауға 
қатысады;
     16) өзiне заңдарда жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
     ЕСКЕРТУ. 11-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.02.15. N 245     
              қаулысымен.  

P000245_

 

     12. Комитет негiзгі мiндеттерiн iске асыру және өз функцияларын
жүзеге асыру үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен:


      1) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша барлық ұйымдардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың орындауы мiндеттi нормативтi құқықтық актiлер қабылдауға;
      1-1) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге жер қойнауын пайдалану құқығы беріледі; <*>
      2) жер қойнауын геологиялық зерделеу, пайдалану және қорғау ережелерінің бұзылуын жою жөнiнде шаралар қабылдауға;
      3) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы туралы заңдар талаптары мен жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртiбiн сақтауына бақылауды жүзеге асыруға;
      4) өз құзыретiне жататын әкiмшiлiктiк құқық бұзу iстерiн қарауға және белгiленген әкiмшiлiк жазаларын қолдануға;
      5) мемлекеттiк геологиялық сараптама жүргiзу үшiн сарапшыларды тартуға;
      6) жергiлiктi атқарушы органнан және өзге ұйымдардан, сондай-ақ азаматтардан жер қойнауын пайдалануға қатысты құжаттар, мәлiметтер, қажеттi материалдар мен ақпараттарды сұратуға және алуға;
      7) Қазақстан Республикасы мен басқа да елдердiң ұйымдарымен

келiссөздер жүргiзуге және келiсiмдер жасасуға;
     8) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiне жалпы басшылықты 
жүзеге асыруға;
     8-1) заңда және келісімшартта бекітілген жер қойнауын пайдалану 
операцияларын жүргізудің шарттарын бұзған жер қойнауын пайдаланушылар 
әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
<*>

     9) заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
     ЕСКЕРТУ. 12-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.02.15. N 245     
              қаулысымен.  

P000245_

 
     
                     3. Комитеттің мүлігі
     
     13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлiгi болады.
     14. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншікке жатады.


      15. Комитеттің өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiкті өздiгiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңдарда белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлікке билiк ету құқығы берiлуі мүмкiн.

                  4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      16. Комитетті Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Төрағаның оның ұсынуы бойынша Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары болады.
      17. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асырылуына тiкелей жауап бередi.
      18. Төраға мына мақсаттарда:
      1) өзiнiң орынбасарларының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi

басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерiн белгілейдi;№
     2) заңдарға сәйкес Комитет қызметіне қызметкерлер тағайындайды
және қызметтен босатады;
     3) заңдарда белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiне
тәртiптiк жаза қолданады;
     4) Комитеттің бұйрығына қол қояды;
     5) Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi және оның аймақтық органдары 
туралы ережелердi бекiтедi;
     6) штаттық кестелердi және аймақтық органдарды ұстау сметаларын 
бекітедi;
     7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитетті бiлдiредi;
     8) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
     19. Жер қойнауын, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстары 
пайдалану өзекті мәселелерiн қарау мақсатында кеңестік орган ретiнде 
ғылыми-техникалық алқа құрады. Алқа туралы ереже мен оның жеке құрамын 
Төраға бекітеді.
     
           5. Комитетті қайта құру және тарату
     
     20. Комитетті қайта құру және тарату Қазақстан Республикасы 
заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
     
                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкіметінің
                                      1999 жылғы 13 тамыздағы
                                         N 1158 қаулысымен
                                             бекітілген
     
      Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны
    қорғау министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің
                               Құрылымы
     
     Басшылық
     Минералдық-шикізат базасын геологиялық зерделеу және дамыту 
мониторингі басқармасы
     Жерасты сулары және қауіпті геологиялық процестері мониторингі 
басқармасы
     Жер қойнауын қорғау басқармасы
     Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы басқармасы
     Экономика және нормативтік әдістемемен қамтамасыз ету басқармасы
     
     
   Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Омарбекова А.