Дене тәрбиесі мен спортты дамыту жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 тамыз N 1126 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 маусымдағы № 651 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.06.26 № 651 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында 1996-2000 жылдарда бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1996 жылғы 19 желтоқсандағы N 3276 U963276_ Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өздерінің қарамағындағы ұйымдармен бірлесе отырып, заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) қосымшаға сәйкес, ерікті дене тәрбиесі-спорт қоғамдары мен клубтарының ұйымдастырылуы мен әрі қарай дамуына жәрдем көрсетсін;
      2) тиісті мемлекеттік органдар мен олардың қарамағындағы ұйымдардың қызметкерлерін ерікті дене тәрбиесі-спорт қоғамдары мен клубтарының өткізетін спорт шараларына қатысуға жаппай тарту жөнінде қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын;
      2. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасында 1996-2000 жылдарда бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысты жандандырсын;
      2) жұмыс істеп тұрған балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін, олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарды облыстық оқу басқармалары органдарынан облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармаларының қарамағына, бұл ретте олардың жұмыс бағытын сақтай отырып беру мәселесін шешсін;
      3) Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының спортшыларына әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарына және Олимпиадалық ойындарға дайындалуға және қатысуға қаржылық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
 

     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



                                     Қазақстан Республика



                                     Үкіметінің 1999 жылғы

                                        10 тамыздағы

                                      N 1126 қаулысына

                                           қосымша




 

     Құруға ұсынылатын ерікті дене тәрбиесі-спорт

        қоғамдары мен клубтарының тізбесі


     N        Дене тәрбиесі-спорт        Дене тәрбиесі-спорт қоғамдарын,

     р.с.   қоғамдарының, клубтарының    клубтарын ұйымдастыруға жауапты

                         атауы               орталық атқарушы орган


     1     "Жігер" ерікті дене             Қазақстан Республикасының

          тәрбиесі-спорт қоғамы          Ауыл шаруашылығы министрлігі


     2.   "Қайнар" ерікті дене             Қазақстан Республикасының

          тәрбиесі-спорт қоғамы          Энергетика, индустрия және сауда

                                                 министрлігі


     3.   "Теміржолшы" ерікті дене         Қазақстан Республикасының

          тәрбиесі-спорт қоғамы           Көлік, коммуникациялар және

                                              туризм министрлігі


     4.   "Бірлік" ерікті дене             Қазақстан Республикасының

         тәрбиесі-спорт қоғамы            Қаржы министрлігі, Сыртқы істер

                                           министрлігі, Мәдениет, ақпарат

                                            және қоғамдық келісім

                                           министрлігі, Табиғи ресурстар

                                           және қоршаған ортаны қорғау

                                           министрлігі, Еңбек және халықты

                                           әлеуметтік қорғау министрлігі


     5   "Жастар" ерікті дене              Қазақстан Республикасының

        тәрбиесі-спорт қоғамы              Денсаулық сақтау, білім және

                                              спорт министрлігі


     6   "Сұңқар" ерікті дене              Қазақстан Республикасының

         тәрбиесі-спорт қоғамы               Ғылым және жоғары білім

                                                министрлігі


     7   "Мұнайшы" ерікті дене              "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз

         тәрбиесі-спорт қоғамы             компаниясы ЖАҚ (келісім бойынша)



  Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Омарбекова А.