Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 және 1997 жылғы 7 шілдедегі N 1068 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 тамыз N 1119

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегi N 481 P990481_ қаулысының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мынадай шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      реттік нөмiрi 109-2-жолдағы "республикалық мемлекеттiк кәсіпорны" деген сөздің алдынан "Орталық" деген сөзбен толықтырылсын;
      2) "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 7 шiлдедегі N 1068 P971068_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 30, 275-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекітiлген Төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөнiндегi мемлекеттiк инспекция туралы ережеде:
      1-тармақтың екiншi абзацындағы "Төтенше жағдайларды мемлекеттiк қадағалау өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және тау-кен қадағалау департаментiнiң деген сөздер "Төтенше жағдайларды мемлекеттiк қадағалау техникалық және тау-кен қадағалау жөнiндегі департаментi" деген сөздермен ауыстырылсын;

     3-тармақ "үшін жүзеге асырылады" деген сөздердің алдынан мынадай 
мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "қызметі төтенше жағдайлардың пайда болуының жоғары тәуекелімен 
байланысты Өнеркәсіп объектілерінің қауіпсіздік декларациясымен келісу".
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
    Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Омарбекова А.