"Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 4 тамыз N 1101

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының темiржол саласында одан әрi монополиясыздандыру және бәсекелестiк ортаны дамыту, сондай-ақ темiржол көлiгi ұйымдары қызметiнiң тиiмдiлігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын заңдарда белгiленген тәртіппен одан:
      1) "Көлiктелеком" еншiлес мемлекеттік кәсiпорнын бөлiп шығару және оны "Көлiктелеком" ашық акционерлiк қоғамы етiп қайта құру;
      2) "Фирмалық көлiк қызметiн көрсету орталығы" еншілес мемлекеттiк кәсiпорнын бөлiп шығару және оның негiзiнде "Көлiктiк сервис орталығы" ашық акционерлiк қоғамын құру;
      3) Қазақстан темiржол көлiгi объектiлерiн техникалық-экономикалық жағынан зерттеу және жобалау мемлекеттiк институты - "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының "Қазтемiржолкөлiкжобалау" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнын бөлiп шығару және оны Қазақстан техникалық-экономикалық зерттеу және темiржол көлігі объектiлерi мен ақпарат жүйелерiн жобалау институты - "Қазтемiржолкөлiкжобалау" ашық акционерлiк қоғамы етiп қайта құру;
      4)
      5)
      6)
      Осы тармақта аталған ашық акционерлік қоғамдардың жүз проценттік мемлекеттік үлестерінің бар екендігі көзделсін.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтан 4), 5), 6) тармақшалар алынып тасталды - ҚР
               Үкіметінің 2000.02.15. N 244 қаулысымен. P000244_
 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік

 

және жекешелендіру жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының Көлік,

коммуникациялар және туризм министрлігімен бірлесіп, заңдарда

белгіленген тәртіппен кейіннен осы қаулының 1-тармағында аталған ашық

акционерлік қоғамдарды жекешелендіру туралы ұсыныстар енгізе отырып,

осы қаулыны іске асыруды қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі



     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.

    Омарбекова А.