1. "Қазақстан Ресиубликасының Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының және Мемлекеттік халықты жұмыспен қамту қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 68 P990068_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 2,
17-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 5-тармақтың төртiнші абзацындағы "тарату iс-шаралары" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң ғимараты айналасындағы аумақты көркейту жөнiндегі жұмыстар орындалғаннан, көлiкжай күрделi жөнделгеннен және" деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастан күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Омарбекова А.Т. Қасымбеков Б.А.