Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 сәуірдегі N 391 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 шілде N 1082

Қолданыстағы

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері" туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 сәуірдегі N 391 


P980391_



қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 13, 109-құжат)

мынадай өзгерістер енгізілсін:

     көрсетілген қаулының Қосымшасында:

     Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі

ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:


     Бахмутова              - Қазақстан Республикасының

     Елена Леонидовна         Қаржы министрлігі Бюджет

                              департаментінің директоры


     Есенов                 - Қазақстан Республикасы Көлік,

     Сұлтанбек Шахмарданұлы   коммуникациялар және туризм

                              министрлігінің Көліктік бақылау

                              комитетінің төрағасы


     Есмұқанов              - Қазақстан Республикасы

     Кәрім Есмұқанұлы         Тұтынушылар кооперациясы

                              одағының басқармасы

                              төрағасының орынбасары


     Сабалақов              - Қазақстан Республикасы Қарулы

     Жұмағали Бекенұлы        Күштерінің Бас әскери полиция

                              басқармасы әскери жол

                              полициясы басқармасының бастығы


     Адамова                - Қазақстан Республикасы Төтенше

     Алма Берікқожақызы       жағдайлар жөніндегі агенттігінің

                              бас маманы;



 
       Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамынан А.И.Андрющенко, В.Ф.Балин, С.А.Бейсембаев, Ж.Ж.Мұқашев, Ғ.І.Оразбақов, П.С.Яловенко шығарылсын;
      "Кәрібжанов Қ.С. - Қазақстан Республикасының бас көлік инспекторы"

 

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

     "Кәрібжанов Қайрат Сәлімұлы - Қазақстан Республикасы Көлік,

коммуникациялар және туризм вице-министрі".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.

    Омарбекова А.