Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті мен Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің және олардың аумақтық бөлімшелерінің штат саны лимиттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 27 шілде N 1071. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.21. N 1433 қаулысымен. ~P991433

Күшін жойған

 


    Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Мыналардың штат санының лимиттері:

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық

комитетінікі 186 бірлік, оның аумақтық бөлімшелерінікі - 4857 бірлік санында;

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік

және жекешелендіру комитетінікі 119 бірлік, оның аумақтық

бөлімшелерінікі 845 бірлік санында бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



     Оқығандар:

         Омарбекова А.Т.

         Қасымбеков Б.А.