"Мемэнергиясараптама" республикалық мемлекеттік кәсіпорны туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 26 шілде N 1065

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 

      1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау республикалық басқармасы мекемесi қайта құру жолымен шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Мемэнергиясараптама" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi- Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын. 

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөнiндегi комитетi мемлекеттiк басқарудың органы, сондай-ақ кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсiн. 

      3. Кәсiпорын қызметiнің негiзгi нысанасы мыналар болып белгiленсiн: 
      электр энергетикасы және энергия үнемдеу мәселелерi бойынша, оның iшiнде қайта жаңартылатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынатын объектiлердiң жобалары бойынша белгiленген тәртiппен энергетикалық сараптама жүргiзу және қорытындылар беру;<*> 
      энергетикалық жабдықтар мен электр және жылу тораптарындағы технологиялық бұзылулар мен аварияларды, сондай-ақ оларда өндiрiстік жарақат алу жағдайларын тексеру кезiнде оған белгiленген тәртіппен қатысу. 
       ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.04. N 167  қаулысымен .

      4. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау жөніндегi комитет кәсiпорынның жарғысын заңдарда белгіленген тәртіппен әзiрлеп, бекiтсін және оны мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсін. 

      5. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік  кәсіпорындардың тізбесінде:
      1) реттік нөмiрi 482 - "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгі" деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      "104-1 Қазақстан Республикасы Энергетика,
      индустрия және сауда министрлiгінің
      "Өндiрiстiк-пайдалану кәсiпорны" 
      республикалық мемлекеттік кәсiпорны 
      (шаруашылық жүргiзу құқығында)                Астана қаласы";

      2) мынадай мазмұндағы, реттік нөмiрi 507 - тараумен және жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгінің Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау жөнiндегi комитетi
507  "Мемэнергиясараптама"
     республикалық мемлекеттік
     кәсіпорны                                       Астана қаласы".

      6. "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік энергетикалық қадағалау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң 1995 жылғы 8 қарашадағы N 1489  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1995 ж., N 35, 443-құжат) күшi жойылды деп  танылсын.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі