"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік авиациялық регистрі" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 26 шілде N 1061

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн және авиация қызметiн пайдалану туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк авиациялық регистрi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мемавиарегистр) таратылсын.
      Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен Мемавиарегистрдi таратуды жүргізсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж. N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiндегі реттiк нөмiрi 60-1-жол алынып тасталсын.
      2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк авиациялық регистрi", "Қазақстан Республикасы көлiк-коммуникациялар кешенiнiң Ақпараттық- презентация орталығы" мемлекеттiк мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 наурыздағы N 234 P990234_

 

қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 9, 67-құжат):

     қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

     "Қазақстан Республикасы көлiк-коммуникациялар кешенiнiң

Ақпараттық-презентация орталығы мемлекеттiк мекемесiн" қайта ұйымдастыру

туралы";

     1-тармақта:

     "мемлекеттiк мекемелер" деген сөздер "мемлелеттiк мекеме" деген

сөздермен ауыстырылсын;

     1) тармақша алынып тасталсын;

     2-тармақта:

     "кәсіпорындар" деген сөз "кәсіпорын" деген сөзбен ауыстырылсын;

     "оларға" деген сөз "оған" деген сөзбен ауыстырылсын;

     3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

     "1) Кәсіпорынның жарғысы бекітілсін, оның қызметінің негізгі

түрлері мыналар деп көзделсін:

     магистральды көлік, жол шаруашылығы телекоммуникациялық байланыс

және почта аясындағы қызметтерді жүзеге асыру";

     3-тармақтың 2) тармақшасындағы "кәсіпорындардың" деген сөз

"кәсіпорынның" деген сөзбен ауыстырылсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


   Оқығандар:

         Омарбекова А.Т.

         Багарова Ж.А.