Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 шілдедегі N 1037 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 24 шілде N 1057

Қолданыстағы
      "Жеке кәсiпкерлiк туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Рсслубликасы Заңын Z970135_ iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
      1. "Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтарды мемлекеттiк тiркеу үшін алым төлеу тәртiбi туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Рсспубликасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1037 P951037_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1995 ж, N 26, 304-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тiркеу үшiн алым төлеудiң және оның ставкаларының Тәртiбiн бекiту туралы";
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тiркеу үшiн алым төлеудің және оның ставкаларының Тәртiбi бекiтiлсiн";
      аталған қаулымен бекiтiлген Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтарды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу тәртiбi туралы ережеде:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тiркеу үшiн алым төлеудiң және оның ставкаларының Тәртiбi";
      1-тармақта:
      "Осы Ереже деген сөздер "Осы Тәртiп" деген сөздермен, "әзірленіп, күшіне енеді" деген сөздер "әзірленді және күшіне енеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Жарлығына" деген сөзден кейiн және "Жеке кәсiпкерлiк туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңына (бұдан әрi - Заң)" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Тәртiп жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк нысанын (қосымша) және заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды (жеке кәсіпкерлерді) мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төлеудің тәртiбiн белгiлейдi";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын.
      "Жеке тұлғаларға мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктер беруді қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар тапсырылған күні аумақтық салық органдары жүзеге асыруға тиiс.
      Егер өтiнiште өзгеше мерзiм көрсетiлмесе, жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк мерзiмсiз берiледi.";
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Жеке кәсiпкерлердi салық төлеушiлер ретінде есепке алу мен оларға салық салу тәртібi салық заңдарына сәйкес жүргізіледі";
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Заңның 9-бабына сәйкес мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуге жататын жеке кәсiпкерлер жеке кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеушiлер болып табылады";
      6-тармақтың үшiншi-бесiншi абзацтары алынып тасталсын;
      7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беруге арналған өтiнiште көрсетiлген мәлiметтер өзгерген жағдайда кәсiпкер қайта тiркелудi жүзеге асырып, жаңа куәлiк алуға мiндеттi.
      Кәсiпкер мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда

оның өтiнiшi бойынша оған куәлiктiң көшiрмесi берiледi.
     Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн бергенi үшiн 
кәсiпкерден көшiрме бланкiсiнiңiң құны алынады.".
     2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi бiр ай 
мерзiм iшiнде бұрын қабылданған ведомстволық нормативтiк актiлердi
осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
     3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастан күшіне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
      
                           Қазақстан Республикасы
                            Үкіметінің 1999 жылғы 24 шілдедегі
                             N 1057 қаулысына қосымша
     
          Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
                        кіріс министрлігі
     
     ________________________               Қазақстан
                                         Республикасының
     _______________________                елтаңбасы
      бойынша Салық комитеті
     
               
             Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы
                           Куәлік
     
                        Сериясы  N
     
     Салық төлеушінің атауы "_________________________________"
     
     Фотосуреттің         Тегі________________________________
                           Аты________________________________
        орны               Әкесінің аты_______________________
                           СТН________________________________
                           ___________________________________
                           ___________________________________
     
                           Сыртқы беті
     
      Жеке басты куәландыратын құжат _________________________
      Мекен-жайы _________________________________________
      ________________________________________________________
      ________________________________________________________
      Куәліктің тіркеу нөмірі ____________________________
      Тіркелген күні _____________________
     
      Салық органының басшысы:
      _______________________________
          (аты-жөні)
     
      _______________________________
            (қолы)                                         М.О.
     
      Берілген күні __________
      Қолданылу мерзімі __________________________________
                         (жеке кәсіпкердің өтініші бойынша)
     
     
   Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Омарбекова А.