Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Үкіметінің арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 шілде N 1043

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Үкіметінің арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

     Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украинаның Министрлер
       Кабинеті арасындағы кеден iсіндегі ынтымақтастық туралы
                                 Келісім

      Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украинаның Министрлер Кабинетi,
      достық қатынастарды, оның ішінде кеден iсі саласындағы ынтымақтастық арқылы дамытуға тілек бiлдiре отырып,
      кеден қызметтерi ынтымақтастығы арқылы Тараптар арасындағы жолаушы және жүк қатынасын дамытуға және жеделдетуге ұмтыла отырып,
      кеден заңдарын сақтау және кедендiк құқық бұзушылыққа қарсы күрес Тараптардың кеден қызметтерiнiң ынтымақтастығы кезiнде анағұрлым жемісті түрде жүзеге асырылатынын ескере отырып,

     төмендегiлер туралы келiстi:

                                1-бап

                            Анықтамалар

      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн мынадай терминдер қолданылатын болады:

      "кеден заңдары" - тауарларды, жолаушылардың қол жүгі мен жүктерін, валюталық және басқа да құндылықтарды әкелудiң, әкетудiң және транзиттiк тасымалдаудың, халықаралық почталық жөнелтімдердiң, кеден баждары мен басқа да алымдарды, төлемдердi өндіріп алудың, жеңiлдiктер берудің, тыйым салулар мен шектеулерді белгілеудің, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң кеден шекаралары арқылы тауарлардың айналысына бақылау жасаудың тәртiбiн реттейтiн Тараптар мемлекеттерінің нормативтік құқықтық актілерінің жиынтығы;
      "кеден қызметтерi" - Тараптар мемлекеттерiнiң орталық кеден органдары;
      "кедендiк құқық бұзушылық" - кеден заңдарын бұзу немесе бұзуға әрекеттену;
      "тұлға" - жеке немесе заңды тұлға;
      "есiрткi құралдары" - кейiнгi өзгерiстерi және толықтырулары бар 1961 жылғы Есiрткi құралдары туралы бiрыңғай конвенциясының тiзiмiне БҰҰ енгiзген заттар;
      "жүйкеге әсер ететін заттар" - кейiнгi өзгерiстерi мен толықтырулары бар 1971 жылғы Жүйкеге әсер ететін заттар туралы бірыңғай конвенциясының тiзiмiне БҰҰ енгiзген заттар;
      "бақыланатын жеткізілім" - есiрткi құралдары мен жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында Тараптар мемлекеттерiнің құзыреттi органдарының білуімен және бақылауымен есiрткi құралдары мен жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз не заңсыздығына күмән келтiрiлетін топтамаларының бір Тараптың мемлекеті аумағынан алып кетуге, транзиттiк тасымалдалуына не әкелуіне жол берiлетiн әдiс;
      "куәлiк" - тауардың ресiмделуі жүргізiлген елдiң ұлттық заңдарына сәйкес тауардың iс жүзiнде ресiмделгенiн растайтын ресми құжат;
 
                                2-бап
                      Келiсiмнiң қолданылу аясы
 
      Осы Келiсiмнiң негiзiнде және кеден қызметтерi арқылы олардың

 

құзыреттерi шеңберiнде және Тараптар мемлекеттерінің заңдарын сақтай

отырып, Тараптар:

     а) Тараптар мемлекеттерiнің арасындағы жолаушылар мен жүк

қатынастарын жетiлдiру;

     б) кеден баждарын, алымдарын және басқа да төлемдердi дұрыс өндіріп

алуды, сондай-ақ кеден жеңiлдiктерiн қолдануды қамтамасыз ету;

     в) кеден заңдарын бұзушылықты болдырмау, тергеу және оның жолын кесу;

     г) екi мемлекет арасындағы кедендiк ресiмдеу рәсімдерiн оңайлату

мақсатында ынтымақтасатын болады.


                               3-бап

                     Кеден рәсімдерін оңайлату


     1. Кеден қызметтерi:

     а) өзара келiсе отырып, кедендiк ресiмдеудi оңайлату жөнiнде қажеттi

шараларды қолданады;


 
       б) бiр-бiрiнiң кедендiк қамтамасыз ету белгілерiн (қорғасын мөртаңбалар, мөрлердiң ізтаңбалары, мөртабандар) және кедендік құжаттарды мойындайды, ал қажет болған жағдайда айналыстағы тауарларға өздерiнiң кедендiк қамтамасыз ету белгiлерiн қояды.
      2. Транзиттік сапармен өтетiн тауарлар мен көлiк құралдары Тараптар мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес оларды әкелуге, әкетуге және транзиттiк тасымалдауға тыйым салынған деп топшылауға негiз бар; кедендiк құқық бұзушылық орын алған; не Тараптар мемлекеттерiнің бiрiнiң ұлттық заңдарына сәйкес кеден төлемдерi мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету шартымен транзиттік тасымал жүргiзiлген жағдайларды қоспағанда, кеден тексеруінен босатылады.
 
                                4-бап
                           Куәлiктердi беру
 
      1. Кеден қызметтерi сұрау салу бойынша бір Тарап мемлекетiнiң аумағынан әкетілген тауарлардың екіншi Тарап мемлекетінің аумағына заңды түрдегі негiзде әкелінетiнін растайтын куәлiктерді бiр-бiрiне бередi. Куәлiктерде тауарлардың ресiмделген кедендiк рәсiмдерiнің түрi мен нәтижелерi көрсетiледi.
      2. Кеден қызметтерi сұрау салу бойынша өздерiне бағынатын кеден органдарының берген куәлiктерiнің немесе басқа құжаттарының түпнұсқа екендігі және барлық қажеттi деректердi қамтитыны туралы мәлiметтерді бiр-бiрiне бередi.
 
                                5-бап
           Есiрткi заттары мен жүйкеге әсер ететін заттардың
                    заңсыз айналымына қарсы күрес
 
      1. Кеден қызметтерi есiрткi құралдары мен жүйкеге әсер ететін заттардың, соларға ұқсас заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымының алдын алу, тергеу және оның жолын кесу жөнiндегі iс-әрекеттерді жандандыру мақсатында алдын ала сұрау салусыз және мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде Тараптар мемлекеттерiнiң заңдары шегiнде бiр-бiрiне мынадай мәліметтерді хабарлайды:
      а) есiрткi құралдары мен жүйкеге әсер ететін заттардың, соларға ұқсас заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымымен айналысатыны белгiлi немесе осы мәселеде күдiк тудыратын тұлғалар туралы;
      б) есiрткi құралдары мен жүйкеге әсер ететін заттардың, соларға ұқсас заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымы үшiн пайдаланылатыны белгiлi контейнерлер мен почталық жөнелтiмдердi, сондай-ақ оларға бақылау жасаудың жаңа әдiстерiн қоса алғанда көлiк құралдары туралы.
      2. Кеден қызметтерi есiрткi құралдары мен жүйкеге әсер ететін заттардың, соларға ұқсас заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымында қолданылатын тәсiлдер, сондай-ақ оларға бақылау жасаудың жаңа әдiстерi туралы мәліметтерді алдын ала сұрау салусыз бір-біріне хабарлайды.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес кез келген Тараптан алынған мәлiметтер, хабарлар және құжаттар өздерінің нашақорлыққа және есiрткi құралдары мен жүйкеге әсер ететін заттардың, соларға ұқсас заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күреспен айналысатын құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдарына берiлуi мүмкiн.
      4. Тараптар мемлекеттерiнің заңдарының негiзiнде және өзара келiсе отырып, кеден қызметтерi қажет кезінде есiрткi құралдары мен жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында бақылауға алынатын жеткізілім әдiсiн пайдаланады.
      Бақылауға алынатын жеткізілім әдiсiн пайдалану туралы шешiмдi Тараптар әрбiр нақты жағдайда жеке қабылдайды және қажет болған жағдайда Тараптардың қаржылық уағдаластықтары ескерілуi мүмкiн.
 
                                6-бап
                            Мәлiметтер беру
 
      1. Тараптар мемлекеттерiнің кеден қызметтерi сұрау салу бойынша өздерiнiң қарамағындағы мәлiметтердi, оның iшiнде хабарларды, хаттамаларды, өзге де материалдарды немесе олардың куәландырылған көшiрмелерiн салып жiберу жолымен бiр-бiрiне мынадай мәліметтерді бередi:
      а) кеден баждарын, алымдарын және басқа да төлемдердi өндіріп алуға, сондай-ақ кедендiк жеңiлдiктердi қолдануға байланысты жағдайлар туралы;
      б) сұрау салушы Тараптың кеден заңдарына қайшы келетiн жасалынған немесе дайындалып жатқан іс-әрекеттер туралы.
      2. Кеден қызметтерi мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде, оның ішiнде алдын ала сұрау салусыз-ақ кеден заңдарын бұзушылыққа қарсы күресте Тараптар ерекше көңіл бөлетін заңдардың бұзылу мүмкiндігі туралы мәлiметтердi бiр-бiрiне хабарлайды. Бұл, ең алдымен:
      а) қоршаған ортаға немесе халықтың денсаулығына қауiп төндiруi мүмкiн тауарларды;
      б) қаруды, оқ-дәрiні, жарылғыш және улағыш заттарды, жарылғыш құрылғыларды;
      в) елеулі тарихи, көркемдiк, мәдени немесе археологиялық құндылығы бар заттарды;
      г) Тараптар мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес жоғары кеден баждары және салықтар салынуға тиісті тауарларды;
      д) ерекше маңызы бар және тарифтiк емес шек қоюға жататын тауарларды;
      е) есiрткi құралдары мен жүйкеге әсер ететін заттарды, соларға ұқсас заттар мен прекурсорларды өткiзген кездегi кедендiк құқық бұзушылыққа қатысты қолданылады.
 
                                7-бап
                           Құжаттарды беру
 
      1. Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi кеден мәселелерi бойынша қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлердің көшiрмелерiмен өзара алмасып отырады және кеден заңдарының барлық өзгерiстерi мен толықтырулары туралы бiр-бiрiне кідіріссіз хабар береді.
      2. Бiр Тарап мемлекетiнің кеден қызметi екінші Тарап мемлекетiнің

 

кеден қызметiнiң сұрау салуы бойынша кеден заңдарын қолдану мәселелерi

жөнiнде әкiмшiлiк органдары шешiмдерiнiң көшiрмелерiн бередi.

     3. Осы Келiсiмнiң 11-бабының 2-тармағының д) тармақшасында көзделген

талаптардан бір ерекшелігі осы бапқа сәйкес құжаттарды беру жөнiндегi

сұрау салуларда iстің мән-жәйi жазылмауы мүмкiн. Құжаттардың алынғанын

сұрау салушы кеден қызметi алынған күнін көрсете отырып куәландырады.


                               8-бап

                  Тәжiрибе алмасу және көмек көрсету


     1. Кеден қызметтерi:

     а) өз қызметiнiң тәжiрибесi мен техникалық бақылау құралдарын қолдану

туралы;

     б) кеден заңдарын бұзудың жаңа құралдары мен әдiстерi туралы;

     в) екi Тараптың өзара мүдделiлiгi бiлдiрілетiн басқа да кеден

мәселелері бойынша ақпарат алмасады.

     2. Кеден қызметтерi кеден iсi саласында:

     а) өзара мүдделiлiк бiлдiрілетiн жағдайларда, сондай-ақ кеден

қызметтерi пайдаланатын техникалық құралдармен таныстыру мақсатында

қызметкерлер алмасуды;

     б) қызметкерлердi оқытуды және олардың арнайы дағдыларын жетiлдiрудi;

     в) кеден мәселелерi бойынша сарапшылар алмасуды;

     г) кеден мәселелерiне қатысты кәсiби, ғылыми және техникалық

мәлiметтер алмасуды қоса алғанда бiр-бiрiне көмек көрсетiп отырады.


                               9-бап

                              Тергеу



 
       1. Бiр Тарап мемлекетінің кеден қызметiнің сұрау салуы бойынша екіншi Тарап мемлекетінің кеден қызметi осы Келiсiмнiң 2-бабының б) және в) тармақтарында көзделген мәселелер бойынша тексеруді немесе тергеуді жүргiзедi. Тексерудiң немесе тергеудiң нәтижелерi осы Келiсiмнiң 6-бабының 1-тармағында көзделген тәртiпке сәйкес сұрау салушы кедендік қызметке хабарланады.
      2. Тексеру немесе тергеу сұрау салынатын Тарап мемлекетінің заңдарына сәйкес жүргізiледi. Сұрау салынатын кеден қызметi өзiнiң жеке атынан іс-қимыл жасай отырып, тексеруді немесе тергеуді жүргiзедi.
      3. Сұрау салынатын кеден қызметi сұрау салушы кеден қызметiнiң лауазымды тұлғаларына осындай тексеру мен тергеу кезiнде қатысуға рұқсат беруі мүмкін.
      4. Бiр Тарап мемлекетiнiң лауазымды тұлғалары екiншi Тарап мемлекетінің аумағында болған кезінде осы Келiсiмде көзделген жағдайларда өздерiнiң ресми өкiлеттiгiн растайтын құжаты болуға тиіс және қызмет киiмін кимеуi, қару алып жүрмеуi керек.
 
                                10-бап
                       Сарапшылар мен куәгерлер
 
      Егер бiр Тарап мемлекетінің сот немесе әкiмшiлiк органдары қаралып отырған кеден заңдарының бұзылуына байланысты тиiстi сұрау салған жағдайда, екiншi Тарап мемлекетінің кеден қызметi өз қызметкерлерiне осындай соттық немесе әкiмшiлiк талқылауларда куәгерлер немесе сарапшылар ретiнде сөз сөйлеуіне уәкiлеттiк бере алады. Бұл қызметкерлер өздерiнің қызмет бабындағы міндеттерiн орындау кезiнде анықталған фактiлер бойынша жауаптар немесе қорытындылар бередi. Соттық немесе әкiмшiлiк талқылауларға қатысу туралы сұрау салуда сұрау салынатын кеден қызметi қызметкерiнің қандай iс бойынша және кiм ретінде сөйлейтіні көрсетiлуi тиіс.
 
                                11-бап

 

                  Сұрау салудың нысаны мен мазмұны


     1. Осы Келiсiмнiң 9-бабының 1-тармағында көзделген сұрау салу жазбаша

нысанда жiберiледi және сұрау салынатын Тарап мемлекетiнiң ресми тiлiнде,

орыс, не сұрау салынатын Тарап мемлекетiнiң кеден қызметi үшiн қолайлы

өзге де тiлде жасалады. Сұрау салуды орындауға қажетті құжаттар

түпнұсқалар, ресми куәландырылған көшiрмелер немесе фотокөшiрмелер түрінде

қоса тіркелуi тиiс.

     2. Сұрау салу мынадай деректердi:

     а) сұрау салудың негiзiнде мүдделерi жатқан кеден органының атауын;

     б) сұрау салудың тақырыбы мен себебiн;

     в) рәсiм түрiн;

     г) рәсiмге қатысушылардың аты-жөндерiн, мекен-жайлары мен басқа да

деректерiн;

     д) iс мәнiсінiң қысқаша сипаттамасы мен оның заңдық тұрғыдан

бағалануын қамтуы қажет.


                               12-бап

                      Сұрау салуларды орындау


     1. Кеден қызметтерi Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес

және өз құзыреттері шегiнде сұрау салуларды орындауда бiр-бiрiне

жәрдемдеседi.

     2. Сұрау салуды орындаудан, егер оны орындау сұрау салынатын Тарап

мемлекетiнің егемендiгiне, қауіпсiздiгiне нұқсан келтiретiн болса,

заңдарына немесе халықаралық мiндеттемелерiне қайшы келетін болса, бас

тартылады.

     3. Сұрау салуды орындаудан бас тартылғаны, сондай-ақ бас тартудың

себептерi туралы сұрау салушы кеден қызметi жазбаша нысанда кідіріссіз

хабарланады.


                               13-бап

                              Құжаттар


     1. Сұрау салу бойынша түпнұсқа құжаттарды беру ресми куәландырылған

көшiрмелер немесе фотокөшiрмелер жеткiлiксiз болған жағдайларда жүзеге

асырылады.

     2. Түпнұсқа құжаттар сұрау салынатын кеден қызметiне мүмкiндiгiнше

қысқа мерзiмде қайтарылуы тиiс.


 
       3. Осы баптың ережелерiн қолданған кезде сұрау салынатын Тарап мемлекетiнің немесе осы Келiсiмнiң қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрiлмеуі тиiс.
 
                                14-бап
               Алынған мәлiметтер мен құжаттарды пайдалану
 
      1. Кеден қызметтерi осы Келiсiмге сәйкес алынған мәлiметтер мен құжаттарды өз хаттамаларында, хабарларында және өзге де материалдарында тексерулер мен тергеулердi жүргiзу кезiнде, соттық немесе әкiмшiлiк талқылауларда қаралып отырған кедендiк құқық бұзушылыққа байланысты дәлел ретiнде пайдалана алады. Осы мәлiметтерге сот немесе әкiмшiлiк талқылауларда баға беру сұрау салынатын Тарап мемлекетiнiң заңдарына сәйкес айқындалады.
      2. Сұрау салу бойынша берiлген мәлiметтер, хабарлар және құжаттар осы Келiсiмдi орындау мақсатында ғана пайдаланылады және оларды берген кеден қызметiнiң жазбаша келiсiмiнсiз кiмге де болсын берiлмейдi немесе өзге мақсаттар үшiн пайдаланылмайды.
      3. Осы баптың 2-тармағының ережелерінің есiрткi құралдары мен жүйкеге әсер ететін заттардың заңсыз айналымына байланысты тәртiп бұзушылықтар туралы материалдарға қатысы жоқ. Мұндай ақпарат есiрткiлердiң заңсыз айналымына қарсы күреспен тікелей айналысатын органдарға берiлуi мүмкiн.
 
                                15-бап
                              Құпиялылық
 
      Осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес алынған кез келген ақпаратқа, құжаттарға немесе мәлiметтерге алушы елде оның өз аумағында алынған осы елдiң осындай ақпараты, құжаттары немесе мәлiметтерi сияқты жариялаудан қорғау дәрежесi берiледi.
 
                                16-бап
                      Шығыстардың орнын толтыру
 
      1. Сұрау салушы кеден қызметi сұрау салынатын кеден қызметiнде жұмыс iстемейтiн сарапшылар мен аудармашылардың еңбегiне ақы төлеуге байланысты осы Келiсiмдi орындау мақсатында орын алған шығыстарды сұрау салынатын кеден қызметiне өтейдi.
      2. Осы Келiсiмнiң 8-бабының ережелерiн орындауға байланысты

 

шығыстарды өтеу Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi арасындағы жеке

уағдаластықтардың тақырыбына айналуы мүмкін.


                               17-бап

             Өзгерiстер мен толықтыруларды енгізу тәртiбi


     Тараптардың келiсуi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар

енгiзiлуi мүмкiн. Өзгерiстер мен толықтырулар осы Келiсiмнiң ажырамас

бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi және осы Келiсiмнің

20-бабында белгiленген тәртiппен күшiне енедi.


                               18-бап

                       Даулы мәселелердi шешу


     Тараптардың арасында осы Келiсiмнiң ережелерiн түсіндіруге байланысты

туындайтын барлық даулы мәселелер консультациялар және келiссөздер арқылы

шешiледi.


                               19-бап

                          Келiсiмдi орындау


     1. Осы Келiсiмде көзделген ынтымақтастық тiкелей кеден қызметтерi

арасында жүзеге асырылады.

     2. Кеден қызметтерi өз құзыреттері шегiнде осы Келiсiмдi орындауға

қажеттi нормативтiк актiлер шығарады.


 
       3. Осы Келiсiмдi орындау үшiн Тараптар мемлекеттерiнiң кеден қызметтерi екi жақты кеден қатынастарының бүкiл кешенi бойынша жеке келiсiмдер жасаса алады.
 
                                20-бап
                          Қорытынды ережелер
 
      1. Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптар мемлекеттерiнің басқа халықаралық шарттарға сәйкес қабылдаған міндеттемелерiне ықпал етпейді.
      2. Осы Келiсiм екi Тарап мемлекеттерiнің заңдарында көзделген қажеттi мемлекетішілiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламадағы күннен бастап күшiне енедi. Келiсiм бұдан кейiнгi бес жыл бойы қолданыста болады, одан кейiн, егер Тараптардың бiрде-бiрi тиістi

 

мерзiм аяқталардан алты ай бұрын өзінің оның қолданысын тоқтату ниеті

туралы жазбаша нысанда мәлiмдемесе, ол өздігінен келесi бес жылға

ұзартылады.


     Киев қаласында 199_ ж. ____ ______________ қазақ, украин және орыс

тiлдерiнде екi дана болып жасалды және де барлық үш мәтiннің де заңдық

құқы бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсіндіруде пікір алшақтығы

туындаған жағдайда орыс тiлiндегi мәтiн негiзге алынатын болады.


     Қазақстан Республикасының               Украина Министрлер

           Үкіметі үшін                        Кабинеті үшін


     Мамандар:

       Багарова Ж.

       Қасымбеков Б.