"Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының Рузаев ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясы" республикальқ мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын Солтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық меншiгіне беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 шілде N 1003

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнің "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының Рузаев ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын (бұдан әрi - Кәсiпорын) Солтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық меншiгiне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгі заңдардың талаптарына сәйкес Кәсiпорынды республикалық меншiктен Солтүстiк Қазақстан облысының коммуналдық меншiгiне берудi қамтамасыз етсiн.
      3. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi заңдарда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды мемлекеттiк қайта ресiмдеудi қамтамасыз етсiн және осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де қажеттi шаралар қабылдасын.
      4. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы"

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 

P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн.

     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық қазыналық 

кәсiпорындардың тiзбесiнде:

     реттiк нөмiрi 333-жол алынып тасталсын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.