Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 149 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 шілде N 997

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 1 ақпандағы N 5 өкімін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы N 149 P990149_ қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

     1-тармақтың 2-ші абзацындағы "сатып алуға" деген сөзден кейінгі "және"
деген жалғаулық үтірмен ауыстырылсын;
     осындағы "қызметтік үйлер мен үй-жайларға күрделі жөндеу жүргізуге" 
деген сөздерден кейін "(Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет 
қызметінен басқа)" деген сөздермен толықтырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі

    Оқығандар:
   Қобдалиева Н.М.
   Қасымбеков Б.А.