Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы мен оның ведомстволық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 17 шілде N 993

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың мекемелерiнiң мэселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 P981335_ қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қосымшада көрсетiлген тiзбеге сәйкес Казақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының "Республикалық ғылыми-техникалық кiтапхана" мемлекеттiк мекемесi мен мемлекеттiк мекемелерiн бiрiктiру жолымен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнiң "Республикалық ғылыми-техникалық кiтапханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқарудың уәкiлетті органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн.
      3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi аясы:
      1) ғылым мен техника саласында отандық және дүниежүзiлiк жетiстiктердi көрсететiн, жарияланған және жарияланбаған құжаттардың анықтамалық-ақпараттық қорларын, оның iшiнде патенттiк ақпаратты қалыптастыру;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн ғылыми-техникалық ақпаратқа қол жеткiзудi қамтамасыз ету, республика мамандарына кiтапханалық-ақпараттық қызмет көрсету үшiн және, ұжымдық және жеке абоненттермен өткiзiлген патенттiк зерттеулер саласында, оның iшiнде интеллектуалдық меншiк объектiлерiн сараптау кезiнде ақыл-кеңес беру, қызмет көрсету және ақпараттық қамтамасыз ету;
      3) қолданбалы ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердi орындау осы заманғы компьютерлiк технологияларды пайдалану негiзiнде қазақстандық және шет елдiк кiтапханалардың интеграцияланған ақпараттық ресурстарына қол жеткiзуiн ұйымдастыру деп айқындалсын.
      4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғарғы бiлiм министрлiгi заңда белгіленген тәртiппен бiр ай мерзiмде:
      1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн;
      2) оны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткiзудi қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
      5. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      аталған қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар тiзбесiнiң "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгі" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 470-5-жолдармен толықтырылсын:
      "470-5 "Республикалық ғылыми-техникалық кiтапхана" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы".
      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
 

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



                                   Қазақстан Республикасы



                                   Үкіметінің 1999 жылғы

                                     17 шілдедегі

                                   N 993 қаулысына қосымша




     Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік мекемелердің

                        Тізбесі



 

     N     Мемлекеттік мекеменің атауы         Мемлекеттік мекеменің

     пп                                        орналасқан жері (қала)


     1     Ақмола облыстық ғылыми-техникалық       Астана

           кітапханасы

     2     Ақтөбе облыстық ғылыми-техникалық       Ақтөбе

           кiтапханасы

     3     Атырау облыстық ғылыми-техннкалық       Атырау

           кiтапханасы

     4     Шығыс Қазақстан облыстық               Өскемен

           ғылыми-техникалық кiтапханасы

     5     Жамбыл облыстық ғылыми-техникалық      Тараз

           кiтапханасы

     6     Жезқазған қалалық ғылыми-техникалық    Жезқазған

           кiтапханасы

     7     Батыс Қазақстан облыстық                Орал

           ғылыми-техникалық кiтапханасы

     8     Қарағанды облыстық ғылыми-техникалық   Қарағанды

           кiтапханасы

     9     Қостанай облыстық ғылыми-техникалық    Қостанай

           техникалық кiтапханасы

     10    Павлодар облыстық ғылыми-техникалық    Павлодар

           техникалық кiтапханасы

     11    Солтүстiк Қазақстан облыстық ғылыми-   Петропавл

           техникалық кiтапханасы

     12    Семей қалалық ғылыми-техникалық        Семей

           кiтапханасы

     13    Оңтүстiк Қазақстан облыстық           Шымкент

           ғылыми-техникалық кiтапханасы



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.