Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі N 912 қаулысына өзгерту енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 14 шілде N 972

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Үкіметтерінің арасындағы Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының су-энергетика ресурстарын кешенді пайдалану жөніндегі келісімді іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы1 шілдедегі N 912 P990912_ қаулысына мынадай өзгерту енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы үкіметтерінің арасындағы Нарын-Сырдария су қоймалары каскадтарының су-энергетика ресурстарын кешенді пайдалану жөніндегі келісімге сәйкес электр энергиясы мен көмірді беруге келісім-шарт жасасқан Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізу субъектілері үшін 1999 жылдың 1 шілдесінен 31 тамызына дейін:

 

     Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасынан Бішкек қаласының

жылу-электр орталықтарына қарағанды көмірін тасымалдаудың темір жол

тарифтеріне;"

     "KEGOC" ААҚ-ы жүйелері бойынша қырғыз электр энергиясын

тасымалдау тарифтеріне 50 % көлемде жеңілдік белгіленсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


    Оқығандар:

   Орынбекова Д.

   Кобдалиева Н.