"Екібастұз 2-ГРЭС" акционерлік қоғамының қызметін тұрақтандырудың кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 13 шілде N 967

Қолданыстағы

      "Екiбастұз 2-ГРЭС" акционерлiк қоғамының қызметiн тұрақтандыру және электр станциясын 1999-2000 жылдардың күзгi-қысқы кезеңiнiң алдағы режимдерiне дайындығын қамтамасьiз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Қаржы министрлiгi заңдарда белгiлентен тәртiппен "Екiбастұз 2-ГРЭС" акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Қоғам) бюджетке салықтық төлемдер бойынша 1999 жылдың 31 желтоқсанына дейiн мерзiмiн ұзарту туралы мәселенi қарасын.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен ауданның қалыптасқан айналасының ластануын ескере отырып, Қоғамда электр энергиясын нақты өндiруге және станцияның жұмыс жағдайларына арналған шектi жол берiлетiн тастаулардың жобасын келiссiн.
      3. Павлодар облысының әкiмi заңдарда белгiленген тәртiппен:
      1) Қоғамға зиянды тастаулар мен табиғат пайдалану үшiн экологиялық төлемдер бойынша ставкаларды 1998 жылдың деңгейiнде сақтасын;
      2) Қоғамның ғимараттары мен құрылыстары орналасқан жерлердi Қоғамның меншiгiне ресiмдесiн.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлік және жекешелендiру комитетi заңдарда белгіленген тәртiппен осы қаулының 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жердiң құнын Қоғамның жарғылық капиталына қоссын.
      5. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

 

министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiмен

бiрлесе отырып, бiр ай мерзiмде Қоғамды оңалту бағдарламасын Қазақстан

Республикасының Үкiметiне табыс етсiн.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




   Оқығандар:    

   Қобдалиева Н.

   Орынбекова Д.