1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитеті туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитетінің құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот қаулыларын
атқару жөніндегі комитеті қызметкерлерінің жекелеген лауазымдық жалақысының сызбасы бекітілсін. 2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тергеу департаменті және оның құрылымы жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 7 сәуірдегі N 289 P980289_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 10, 77-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 шілдедегі N 931 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитеті туралы Ереже 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі құзыретінің шегінде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету саласындағы басшылықты, соттардың белгіленген қызмет тәртібін қамтамасыз ету жөнінде заңмен жүктелген міндеттерді орындауды, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу заңдарымен белгіленген тәртіпте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын жүзеге асыратын ведомство болып табылады. <*>
Комитеттің облыстар, Астана мен Алматы қалалары бойынша өзінің аумақтық органдары бар.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.11.12. N 1695
қаулысымен. P991695_
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрықтар шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар.
5. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 45.
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитеті" мемлекеттік мекемесі. 8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады. 9. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитетке өз функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға кіруге тыйым салынады. Егер Комитетке заң актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі. 2. Комитеттің негізгі міндеттері 10. Комитеттің негізгі міндеттері: 1) қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу; 2) <*> 3) анықтауды қылмыстық-процессуалдық заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асыру; <*> 4) <*>
5) атқарушылық құжаттардың атқарылуын қамтамасыз ету және соттар
қызметінің белгіленген тәртібін қамтамасыз ету жөнінде заңдармен жүктелген міндеттерді орындау; 6) әкімшілік, азаматтық және шаруашылық істері жөніндегі сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын, мүліктік өндіріп алу бөлігінде қылмыстық істер бойынша үкімдер мен қаулыларды міндетті түрде және дер кезінде атқару, сондай-ақ заң актілерінде көзделген жағдайларда өзге де органдардың шешімдері мен қаулыларын атқару; 7) бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың атқарылуын бақылау; 8) сот мәжілісі кезінде залда қоғамдық тәртіпті сақтау; 9) сотқа іс жүргізу қызметін атқаруға жәрдемдесу; 10) сот ғимараттарын күзетуді, судьяларды және процеске басқа да қатысушыларды қорғауды қамтамасыз ету; 11) Комитеттің қызметкерлерін, олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік және құқықтық қорғау; 12) заңдарда көзделген өзге де міндеттер болып табылады. ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.11.12. N 1695 қаулысымен. P991695_ 3. Комитеттің функциялары 11. Комитет заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды: 1) <*> 2) <*> 3) <*> 4) <*> 5) атқарушылық құжаттардың атқарылуын және соттар қызметінің белгіленген тәртібін қамтамасыз етуді; 6) қылмыстан келтірген залалдардың өтелуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды; 7) орталықтандырылған ақпараттық-анықтамалық есеп жүргізуді;
8) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарауына Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, сондай-ақ оны қаржылық, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізуді;
9) құқық қорғау органдары қызметінің мәселелері бойынша және өзінің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді және әзірлеуге қатысуды;
10) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының қылмысқа қарсы күрес мәселелері жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындауды және шет мемлекеттерді құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасуды, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуды;
11) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарымен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасасуды;
12) Комитеттің аумақтық органдарының қызметіне ұйымдық, нақты және әдістемелік басшылық жасауды;
13) өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.11.12. N 1695
қаулысымен. P991695_
4. Комитеттің құқықтары
12. Негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен Комитеттің:
1) <*>
2) <*>
3) <*>
4) іс жүргізудегі материалдар, қылмыстық істер мен атқару құжаттары бойынша азаматтарды шақыруға, олардан түпнұсқада не көшірмеде түсініктемелер, құжаттар мен өзге материалдар, жауаптар алуға, сондай-ақ дәлелді себептерсіз келуден жалтарған адамдарды келтіруге;
5) әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыруға: хаттамалар жасауға, тәртіп бұзушыларды жеткізуге, әкімшілік ұстауды жүргізуге, жеке тексеруге, сондай-ақ заттар мен құжаттарды қарауға және алуға;
6) мемлекеттік органдардан, сондай-ақ өзге ұйымдардан атқарушылық іс жүргізу және қылмысты істер жөнінде ақпараттарды, құжаттарды және материалдарды кедергісіз және тегін алуға;
7) қылмыстық іс жүргізу әрекеттері мен шараларын жүргізуге, оларды жүргізуге мамандар тартуға, нақты мәліметтерді белгілеу және зерттеу үшін, мемлекеттік немесе өзге де заңмен қорғалатын құпия болып саналатын мәліметтердің, сондай-ақ жеке басының тірлігі туралы мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға;
8) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша анықтау және іс жүргізу барысында ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізу туралы тапсырмалар беруге;
9) іс-шаралар мен тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде жекелеген учаскелер мен аумақтарға азаматтардың кіруін шектеуге немесе уақытша тоқтатуға;
10) заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсынымдар мен ұсыныстар енгізуге;
11) олардың негізінде атқарушылық іс-әрекеттері жасалатын орындау құжаттары түсініксіз болған жағдайда, атқару құжатын берген сотқа немесе басқа органдарға түсініктеме беру үшін өтініш жасауға;
12) атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде туындаған, оның ішінде атқаруды кейінгі қалдыру, бөліп-бөліп атқару тұрғысындағы атқару әдісі мен тәртібін өзгерту, сондай-ақ борышкерді іздестіру мәселелері жөнінде сотқа ұсыныс енгізуге;
13) меншіктің кез келген нысанындағы ұйымдарда атқару құжаттарының атқарылуы мен олар бойынша қаржы құжаттамасының жүргізілуіне тексерулер жүргізуге;
14) нақты атқарушылық іс-әрекеттерін жасау мәселелері бойынша тапсырмалар беруге;
15) борышкерге тиесілі мүліктердің сонда тұрғандығын растайтын мәліметтер болған кезде, борышкердің, сондай-ақ басқа да адамдардың иелігіндегі немесе оларға тиесілі үй-жайларға және қоймаларға кіруге, қажет болған жағдайда үй-жайды және қойманы мәжбүрлеп ашқызуға, куәлардың қатысуымен тінту жүргізуге;
16) борышкерлердің банктегі шоттары мен бағалы қағаздарына тыйым салуға;
17) тыйым салынған мүлікті алуға, сақтауға беруге және сатуға;
18) ұйымның үй-жайын алынған мүлікті сақтау үшін, ізденуші мен борышкердің көлігін осы мүліктерді тасу үшін пайдалануға;
19) азаматтардан сот қызметінің белгіленген тәртібін сақтауды, сондай-ақ соттың үй-жайында және соттың мәжіліс залында заңға қайшы келетін іс-әрекеттерді тоқтатуды талап етуге;
20) соттың үй-жайында (көшпелі мәжіліс өткізген жағдайда - сот мәжілісі етіп жатқан үй-жайда) құқық бұзушыны әкімшілік қамауға алуға;
21) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің жедел қызметтерімен және басқа да органдармен өзара іс-әрекеттер жасауға, жасырынып жүрген қылмыскерлерге қатысты қылмыстық істерді тергеу кезінде жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерін пайдалануға; 22) Қазақстан Республикасының қылмысқа қарсы күрес саласындағы тиісті халықаралық шарттарының негізінде шетелдік мемлекеттердің тиісті органдарымен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта болуға; 23) Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.11.12. N 1695 қаулысымен. P991695_ 13. Комитеттің қызметкерлеріне заңдарда белгіленетін тәртіппен және шарттарда, арнайы құралдар мен атылатын қаруларды алып жүру, сақтау және қолдану құқығы беріледі. 5. Комитеттің мүлкі 14. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. 15. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады. 16. Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік жүргізуге құқығы жоқ. Комитетке заңдарда белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін. 6. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
17. Комитетті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
18. Комитет төрағасының оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары болады.
Облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша Комитетті аумақтық басқармаларының бастықтарын Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Әділет министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Комитеттің төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауаптылықта болады.
20. Төраға осы мақсатта:
1) өз орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
2) заңдарға сәйкес кадрларды жұмысқа қабылдау және босату мәселелерін шешеді, Комитет қызметкерлеріне тиісті еңбек шарттары мен тұрмыстық жағдайлар жасалуына шаралар қолданады;
3) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдарда, оның ішінде халықаралық ұйымдарда және шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдарымен қатынастарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;
5) өз құзыретінің шегінде бұйрықтар шығарады, сондай-ақ Комитеттің және оның аумақтық органдары қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді;
6) Әділет министрлігімен келісім бойынша бөлінген штат саны мен еңбекке ақы төлеу қорының шегінде Комитеттің штат кестесін бекітеді;
7) республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың шегінде Комитетті және оның аумақтық органдарын ұстауға қаржы қаражатын бөледі;
8) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21. Комитеттің Төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттерін орынбасарларының бірі атқарады.
22. Комитеттің және оның аумақтық органдары қызметінің негізгі мәселелерін қарау, олар бойынша шешімдер қабылдау, олардың басшыларының есептері мен хабарламаларын тыңдау үшін Комитеттің және оның аумақтық органдарының жанынан Комитет Төрағасының, оның
орынбасарларының, сондай-ақ Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының құрамында консультативтік-кеңесші орган - алқа құрылады. Алқаның сандық және жеке құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Әділет министрі бекітеді. 7. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 23. Комитетті қайта ұйымдастыру немесе тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 шілдедегі N 931 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитетінің құрылымы Басшылық Тергеу басқармасы Атқарушылық іс жүргізуді және сот приставтарының жұмысын қамтамасыз ету басқармасы Бақылау-әдістеме басқармасы Кадр, қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы Бөлім құқығындағы кеңсе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 шілдедегі N 931 қаулысымен бекітілген Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитет қызметкерлерінің жекелеген лауазымдық жалақысының сызбасы N Штаттық лауазымы Бір айлық лауазымдық жалақы (теңгемен) 1. Аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушы 7 000 2. Аса маңызды істер жөніндегі анықтау 6 500 3. Аға анықтаушы 5 300 Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитеттің аумақтық органдары қызметкерлерінің жекелеген лауазымдық жалақыларының сызбасы 1. Аса маңызды істер жөніндегі анықтаушы 6 000 2. Аға анықтаушы 4 700 3. Анықтаушы 4 500 4. Аға сот атқарушысы 4 500 5. Аға сот приставы 4 500 6. Сот атқарушысы 3 600 7. Сот приставы 3 600 Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.